2025 жылғы 5 ақпанда Erasmus +академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында National University of Science and Technology politehnica Bucharest (Питешти, Румыния) өкілдерінің сапары өтті.
Математика және информатика кафедрасының профессоры Maria Miroiu Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің politehnica Bucharest презентациясын өткізді. Astana IT University тарапынан ынтымақтастықтың негізгі салалары бойынша тілектер ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша FabLab, Industry 4.0, Smart City, Media Studio зертханалары және ғылыми кітапхана бойынша экскурсия өткізілді.