Astana IT University — де «Есірткіге жол жоқ!» жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған.
Байқауға 20-дан астам бейнеролик ұсынған университет студенттері қатысты, олардың ішінен комиссия үздіктерді таңдады.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын — 1 курс студенті Қабдолина Ажар
2 орын — 1 курс студенті Хамицкий Дэвид
3 орын — 1 курс студенті Қайратова Айлин
Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды, олардың жұмыстары шығармашылық, мазмұны мен әлеуметтік маңыздылығы үшін жоғары бағаланды.
Байқау жастардың шығармашылық және заманауи технологиялар арқылы маңызды әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, нашақорлықпен күресуге қалай үлес қоса алатынының жарқын мысалы болды.
Мұндай бастамалар жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі және оларды әлеуметтік маңызы бар жобалар саласында одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырады деп сенеміз.