Іс-шарада сарапшылар, ғалымдар мен сала өкілдері келесі негізгі мәселелерді талқылады:
Есептеу технологияларының болашағы және олардың жаһандық экономикаға ықпалы.
Деректерді талдаудың инновациялық тәсілдері, олардың нақты уақыт режимінде қолданылуы.
Жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу және ЖИ мен үлкен деректермен жұмыс істей алатын мамандарды даярлау.
Қатысушылар университеттер мен бизнестің жаңа буын мамандарын дайындауға мүмкіндік беретін практикалық ұсыныстар әзірледі.
Astana IT University білім алмасу мен идеяларды дамыту алаңы ретінде цифрлық трансформация мен АКТ дамуына үлес қосуды жалғастырады.