Онлайн оқытудағы жаһандық стандарттарға бағыт

25 қазанда Astana IT University-дің Куала-Лумпур қаласына (Малайзия) сапары аясында Open University of Malaysia-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл — сапалы онлайн білімге жасалған тағы бір қадам. Open University of Malaysia – Азия-Тынық мұхиты аймағында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы көшбасшы, QS Stars WUR әлемдік агенттігінің 5 жұлдызды рейтингіне ие білім ордасы.

Life-Long Learning (өмір бойы оқу) тұжырымдамасына сүйене отырып, Open University of Malaysia онлайн және бейімді оқыту технологияларын қолдану, сонымен қатар қолайлы орта құру арқылы білімді қолжетімді әрі сапалы етуде. Оқытудағы бұл тәсілдің сұранысқа ие екеніне – 2024 жылы әлем бойынша 7000-нан астам түлектің болуы дәлел бола алады. Ал құрылғаннан бері 180 мыңнан астам жоғары білікті маман түлеп шықты.

Open University of Malaysia-ның тәжірибеден өткен технологиялары мен әдістерін Astana IT University-ге енгізу отандық білімнің қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.