2022 ж. 1 сәуірде Конфуций институты орталығының директоры Сәуле Қошановамен кездесу өтті.
Кездесу барысында Конфуций Институты мен Astana IT University арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен студенттер мен оқытушылардың өзара академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, қытай тілі курстарын, жазғы мектеп ұйымдастыру мәселесі және ғылыми мақалалар мен тезистерді бірлескен түрде жариялау туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды. Өткізілген кездесу студенттердің Қытай мәдениеті мен тілін одан әрі нығайтуға және оқытуға деген ынтасын арттыруға қызмет ететіні сөзсіз.