10.03.2022 ж. Германия Елшілігі Astana IT University кітапханасына неміс тілінде жарық көрген кітаптарды сыйға тартты. Astana IT University әмбебап ғылыми кітапханасының қоры неміс жазушыларының ерекше туындыларымен, анықтамалық материалдармен, карталармен және т.б. толықтырылды.
Салтанатты жағдайда Astana IT University ректоры Д.Ахмед Закидің қолына баға жетпес сыйды Якоб Локау Қазақстандағы Германия Елшілігінің мәдениет, баспасөз және саясат жөніндегі атташесі, мәдениет және баспасөз бөлімінің қызметкері А. Малгажиновқа табыс етті.
Astana IT University қызметкерлері басылымды сыйға тартқаны үшін Қазақстандағы Германия елшілігіне шын жүректен алғыс білдіреді. Ұсынылған кітаптар кітапхана жинағында лайықты орын алды және біздің студенттер мен оқытушылар арасында үлкен сұранысқа ие.