2021 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасының президенті К.К.Токаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылауға арналған 1-2 курс студентерінінің белсенді қатысуымен, онлайн форматта Teams платформасында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырып, жүргізген Жалпы білімдік пәндер бағдарламасының профессоры, т.ғ.к., С.А.Ескалиев.
Шараға университеттің Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, профессор, э.ғ.к. Калыков Абай Кобландиевич, Академиялық департамент жетекшісі, профессор, э.ғ.к. Акыбаева Гульвира Советбековна, Жалпы пәндер оқу бағдарламасының үйлестірушісі, профессор, т.ғ.д., Шаяхметов Нурбек Уахапович қатысып, сөз сөйледі.
Студенттердің белсенді қатысуымен пікір алмасып, бағдарламалық мақаланы оқу барысында туындаған идеялар талқыланды.