Astana IT University халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолында тағы бір қадам жасап, Ghulam Ishaq Khan Institute of Engineering Sciences and Technology (GIK Institute) университетімен меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы Президентінің Пәкістан Ислам Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында өтті. Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов Қазақстан Республикасының ресми делегациясы құрамында болып, Мемлекет басшысының сапарына қатысты.
GIK Institute 1991 жылы құрылған, оқу үдерісі ағылшын тілінде жүргізіледі, студенттер саны 2000-нан асады. Қол қойылған меморандум бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға мүмкіндік ашады.


