23 қазанда Astana IT University-де «Advising 360°: функционал, академиялық саясат және заманауи сын-қатерлер» тақырыбында академиялық эдвайзинг жүйесін дамытуға арналған семинар өтті.
Іс-шараға Бірінші проректор, Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, Цифрландыру жөніндегі проректор, сондай-ақ Академиялық қызмет департаменті, Тіркеу кеңсесі, Оқу-әдістемелік бөлім, Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдері мен академиялық топ эдвайзерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты – бөлімдер арасындағы өзара іс-қимылды арттыру және студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін жетілдіру болды.
AITU-дағы эдвайзинг жүйесін дамытуға белсенді қатысқан және қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.


