«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы үш жылдағы негізгі міндетін айқындады – Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру.
Цифрлық трансформация саласындағы жетекші жоғары оқу орны ретінде Astana IT University стратегиялық көзқарасты қолдайды және оны іске асыруға төмендегі бағыттар бойынша үлес қосуға ниетті:
- Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды меңгерген жаңа буын мамандарын даярлау;
- Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және Big Data бағыттарында ғылыми жобаларды дамыту;
- Цифрлық дамудың ұлттық және халықаралық бағдарламаларына белсенді қатысу.
AITU болашақтың адами капиталын қалыптастыруға және Қазақстанның жаһандық технологиялық кеңістіктегі орнын нығайтуға өз үлесін қоса бермек.