Қазақстанның спорттық бағдарламалау бойынша бас жаттықтырушысы және Astana IT University-дің ICPC жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік «Шапағат» медалімен марапатталды.
Оның ICPC, IOI және EGOI халықаралық олимпиадаларына Қазақстанның ұлттық құрамаларын дайындаудағы айрықша еңбегі елімізге халықаралық деңгейде кеңінен танылуға мүмкіндік берді. AITU қабырғасында Темірлан жас таланттарды белсенді қолдап, оларды алгоритмдік бағдарламалау мен компьютерлік ғылымдардағы жоғары жетістіктерге бағыттап келеді.
