Astana IT University студенті Асылжан Абдуллаев IT саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кеңесінің «Өрлеу» сыйлығымен марапатталды.
Ол Қазақстанды Enactus World Cup 2025 (Тайланд) халықаралық кубогында таныстыратын Enactus AITU командасының капитаны.
Сондай-ақ, Асылжан – қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған заманауи CortexAI мультимодальды онкоагентінің негізін қалаушысы.
