АР19677013 Инклюзивті білім берудегі қосалқы технологиялар: Қазақстанның жоғары оқу орындарында қолдану практикасы

Жоба жетекшісі: PhD доктор, AITU-дің Жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры Уызбаева Анар Асанқызы

Конкурстың атауы: ҒЖБМ ҒК ГҚ 2023-2025

Сома: 69 590 035,09 теңге

Жобаның аннотациясы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің жай-күйі мен даму үрдісін зерделеу, бар проблемаларды айқындау және Қазақстан мен әлем университеттеріндегі ахуалды салыстырмалы талдау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу бойынша оқу-әдістемелік қолдау және ұсынымдар беру. Сурдоаудармасы бар үш тілде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша дәрістердің бейнежазбасын жүзеге асыру. Бұл инклюзивті және көптілді білім беруді іске асыру бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді; оқу процесіне көмекші технологияларды енгізу; аудиториялық қордың жетіспеушілігі.

Жобаның 2023 жылғы нәтижелері

  1. Әлемдік тәжірибеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жоғары оқу орындарында көмекші технологияларды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдау жүзеге асырылды. Жоба тақырыбы бойынша шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Қызметтік іссапарлар барысында ЖОО ПОҚ-мен кездесулер мен әңгімелесулерді ұйымдастыру арқылы Қазақстан университеттерінде және Ұлыбритания мен Шотландия университеттерінде көмекші технологияларды қолдану тәжірибесі зерделенді.
  2. Қазақстанның жоғары оқу орындарында ОПҚ арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін білімнің қолжетімділігін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеу (сауалнама) жүргізілді. Алынған мәліметтер негізінде Скопус базасында индекстелген журналда жариялау үшін мақала дайындалды.
  3. 2023 жылғы 20 қазанда Astana IT University-де жобаның ғылыми тобының мүшелері ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің проблемалары бойынша кездесу (пікірталас алаңы) ұйымдастырып, өткізді. Кездесуге Қазақстан студенттер Альянсының атқарушы директоры, студенттік омбудсмен А.К. Бахитов, «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ орталығының басшысы С. П. Нормуханова және Astana it University студенттері қатысты.
  4. Сурдоаудармасы бар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша ағылшын тілінде бейне-дәрістер дайындалды және жазылды.

Жобаның 2024 жылғы нәтижелері

  1. ҚР-да инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асырылуына шолу жасалды және шолу негізінде «Қазақстан Республикасында жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асырылуына шолу» (орыс тілінде) ғылыми брошюрасы дайындалып, жарияланды.
  2. Есту қабілеті нашар адамдарды жоғары оқу орындарында оқыту проблемаларын зерделеу мақсатында әлемдік тәжірибелер контекстінде талдау жүргізілді және «Жоғары оқу орындарында есту қабілеті нашар адамдарды оқыту: АҚШ, Жапония және Қазақстан мысалында» (орыс тілінде) ғылыми брошюрасы жарияланды.
  3. Қызметтік іссапар барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарында және Англия мен Шотландияның жоғары оқу орындарында есту қабілеті нашар адамдардың проблемалары бойынша сараптамалық сұхбат жүргізілді (онлайн).
  4. Сурдоаудармасы бар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша орыс тілінде бейне-дәрістер дайындалды және жазылды.
  5. 2024 жылғы 1-8 тамыз аралығында XXV Дүниежүзілік философиялық Конгреске (Рим) А.Уызбаевтың «Philosophy of Inclusivity and Digitalization in Kazakhstan» және Әбдина А., Жанарстанова М. «From the philosophy of Education to the Philosophy of Inclusive» атты баяндамалары дайындалып презентациялар жасалынды.

Жарияланған мақалалар

1) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М. Analysis of Inclusive Education in the Republic of Kazakhstan in the Context of the Philosophy of Independent Living // ҚазҰУ Жаршысы. Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы. – 2023. — №4(86). – 22-32 бб.;

2) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М.  Тәуелсіз өмір философиясы: Қазақстандағы инклюзивті білім беру жағдайы (заманауи зерттеулерге шолу талдауы) / / ЕҰУ хабаршысы. Л.Н. Гумилева. Тарих ғылымдары сериясы. Философия. Дінтану. — 2023. — №1 (142). – 135-157 бб.;

3) Абдина А., Уызбаева А. Philosophy of Well-being: quality of Life and Inclusion of the Elderly Population of Kazakhstan in the Era of Digitalization //Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Серия: тарих ғылымдары. Философия. Дінтану ‒ 2024. ‒ Т. 148. ‒ № 3. ‒ 164-177 бб.

Жоба тобы

Анар Уызбаева

PhD, қауым. профессор

Айнур Абдина

филос.ғ.д., қауым. профессор

Марал Жанарстанова

PhD, профессор ассистенты

Айтуар Коспаков

әлеум. ғ. магистрі, PhD кандидаты

Дана Каскабаева

PhD