«Білім берудегі және тілдерді оқытудағы заманауи тенденциялар» симпозиумында баяндама

Жан Моне ERASMUS-JMO-2022-HEI-TCH-RSCH «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениет: Еуропалық перспектива» (DigCEE) модулін іске асыру шеңберінде, жоба үйлестірушісі, Жалпы білім беру пәндері департаментінің директоры Тілешова Ж.К. . «Білім берудегі және тілдерді оқытудағы заманауи тенденциялар» халықаралық ғылыми симпозиумында баяндама жасады. Симпозиум Назарбаев Университетінде 2023 жылдың 17 қазанында өтті. Баяндаманың тақырыбы – Еуропалық Одақ пен Қазақстанда білім беруді цифрландыру: бағдарламалық шаралар және болжаулар. Баяндамада Қазақстан мен Еуропалық Одақтың білім беруді цифрландыру саласындағы бағдарламалық құжаттарының салыстырмалы талдауы ұсынылды. Баяндамада екі аймақтағы білім беруді цифрландырудың болашағына қатысты болжаулар айтылды. https://www.iatkl.kz/_files/ugd/b138d7_3c65f99d67174b7db1bd715301843b6b.pdf