Quality in Action: Challenge to Change

«Let’s Talk» апталық айдарының қонағы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Мәртебелі Кестутис ЯНКАУСКАС мырза болды.

Қонақ дәріс барысында сапа менеджментіндегі жалпы мәселелер қарастырылды:
-> сыртқы ортамен сабақтасудағы әсері;
-> саясат пен жоспар бағыттарын анықтаулағы жолы;
-> сапа бойынша стратегиялық және операциялық шешімдерді қабылдау процесі.

Дәріс соңында Еуропалық Одақ Өкілдігінің командасы студенттер арасында блиц-викторина өткізіп, 10 ұтыс сыйлығын дайындады.

Дәрістің бұл форматы курсы аясында өтілетін теориялық білімнің тәжірибелік бағытпен ұштастырылуы мақсатымен жүргізіледі. Сондай-ақ, нарықтың әртүрлі секторларынан топ менеджерлердің жеке тәжірибесі туралы ақпарат алуға мүмкіншілік береді.