2022 IEEE International Conference on SIST халықаралық конференциясы

2022 ж. 28-30 сәуір аралығында Astana IT University қабырғасында «2022 IEEE International Conference on Smart Information Systems and Technologies (SIST)» Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға алыс және жақын шетелдерден IT-индустрияның түрлі салаларынан 600-ден астам авторлар, ғалымдар, зерттеушілер, бизнесмендер, мамандар мен жоғары оқу орындары қатысты.
Конференция тақырыптары:
• Технологиялар және инжиниринг менеджменті;
• Білім және зерттеулердегі IT орны;
• IT қолданудағы жаңа үрдістер мен технологиялар;
• Деректер туралы ғылым және кеңейтілген аналитика.
Конференцияға 104 сарапшы қатысты. Оның 30-ы халықаралық және 70-і қазақстандық сарапшылар.