AITU мен АМУ арасындағы ынтымақтастық Меморандумы

2022 жылдың 25 наурызында Astana IT University мен Астана медицина университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Келісім аясында:
– бірлескен білім беру бағдарламасының ашылуы;
– цифрлық дағдыларға оқыту бойынша Астана Халықаралық медицина университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
– ғылыми-инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру.