Лихай университетінің өкілдерімен кездесу

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Лихай университетінің (Lehigh University) өкілдерімен екі жақты ынтымақтастық туралы кездесу өткізді.

Лихай университеті жетекші жеке зерттеу университеті. Студенттердің көпшілігі кампуста тұрады, бұл кез-келген жерде зерттеу жүргізуге және ашуға мүмкіндік береді. Жыл сайын жоғарғы ұлттық зерттеу университеттерінің қатарына кіреді. Кампус Пенсильваниядағы көркем лихай аңғарында, Нью-Йорк пен Филадельфияға жақын жерде орналасқан. Негізгі рейтингтік кестелер бойынша Лихай университеті 2021 жылы QS әлемдік университеттер рейтингісінде 531-ші, The Times Higher Education рейтингінде 601-ші орында.

Кездесу барысында болашақ әріптестік, өзара іс-қимыл бағыттары және білім беру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту, ЖОО арасындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық байланыстар, сондай-ақ білім беру процесінде цифрлық технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.