Astana IT University ағылшын тілінен түсу емтиханының жаңа шекті баллдары

Ағылшын тілінен тест тапсырудың жаңа ережелері

Мұқият танысыңыз

Astana IT University ағылшын тілінен емтиханның жаңа шекті баллдары:

19 балл және одан төмен – талапкер университетте оқуға мүмкіндігі жоқ;

20 – 37 балл – талапкер өзінің деңгейін жақсарту үшін ағылшын тілі курсына барған жағдайда университетке түсе алады;

38 балл және одан жоғары – талапкер емтиханды орындап, университетке ағылшын тілі бойынша қосымша курстардан өтпей-ақ түсе алады.

Astana IT University-де оқу толығымен ағылшын тілінде өтуіне байланысты талапкердің тіл деңгейін анықтау үшін ағылшын тілінен емтихан өткізіледі.