
Бакалавриат
Astana IT University бакалавриаты ақпараттық технологиялар саласында практикалық дағдылары бар мамандарды дайындайды.
Қабылдау комиссиясы
Қабылдау комиссиясы 25 тамызға дейін жұмыс істейді.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі–жұма: 09:00–18:00
Сенбі: 09:00–13:00
Ескерту: Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау кезеңінде, 13–20 шілде аралығында, қабылдау комиссиясы күн сайын 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі–жұма: 09:00–18:00
Сенбі: 09:00–13:00
Ескерту: Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау кезеңінде, 13–20 шілде аралығында, қабылдау комиссиясы күн сайын 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді.
Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініш беру құжаттары
• Жеке куәлік
түпнұсқасы және көшірмесі
• Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты
• Білім туралы құжат (аттестат/диплом)
түпнұсқасы және көшірмесі
• Жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Егер талапкер 18 жасқа толмаған болса:
Талапкердің туу туралы куәлігін және ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігін ұсыну қажет (түпнұсқасы және көшірмесі).
Назар аударыңыз!
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытындысы бар 075/у үлгісіндегі анықтаманы ұсынуы қажет.
Astana IT University-де жаһандық IT-карьераңызды бастаңыз
Біз ұсынамыз

3 жыл оқу

Жарқын студенттік өмір

Ағылшын тілінде оқыту

Стартаптар қауымы

Халықаралық IT вендорлар зертханалары
Виртуалды қабылдау комиссиясы

Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
Акылбаева Айжан Қуанышбекқызы
Astana IT University қабылдау комиссиясының кеңесшісі
Онлайн кеңеске қосылып, оқуға түсу, білім беру бағдарламалары және AITU-дегі оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алыңыз.
Білім беру бағдарламалары
Бағдарламалық инженерия мектебі
Жасанды интеллект және деректер ғылымы мектебі
Киберқауіпсіздік мектебі
Интеллектуалды жүйелер мектебі
Креативті индустриялар мектебі
Цифрлық мемлекеттік басқару мектебі
2026-2027 оқу жылына арналған прейскурант
| № | Білім беру қызметі | Құны |
|---|---|---|
| 1 | Бакалавриат | 2.500.000₸ |
Ақылы негізде білім алушыларға арналған жеңілдік түрлері
Ақылы негізде білім алатын студенттерге гранттар мен жеңілдіктер беру тәртібі туралы толық ақпарат төмендегі құжатта ұсынылған:



