
Магистратура
Astana IT университетіндегі магистратура — ақпараттық технологиялар мен цифрлық инновациялар саласында тереңдетілген кәсіби даярлауды қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі.
AITU магистратурасында оқудың артықшылықтары

Заманауи білім беру бағдарламалары
1. Қолданбалы деректерді талдау
2. Есептеу ғылымдары
3. Информатика және инженерия
4. Жобалық менеджмент
5. Цифрлық мемлекеттік басқару және қызметтер
6. Медиа технологиялар
7. Бағдарламалық қамтамасыз етуді қауіпсіз әзірлеу
8. Қолданбалы жасанды интеллект
9. Цифрлық бизнес және жасанды интеллект технологиялары

2 жылдық аралас форматтағы оқыту (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)

Оқудың барлық мерзіміне мемлекеттік грант

Академиялық ұтқырлық

Мансаптық мүмкіндіктер

Үлкен практикалық тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы

Стартап және ғылыми-инновациялық жобалар құру

CISCO, Huawei, Kaspersky сияқты халықаралық IT-сатушылардан сертификаттау

Университет аумағындағы заманауи зертханалар
Магистратураға оқуға түсу процесі
Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) Күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) Күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.
1-қадам. Кешенді тестілеуден өту
Жазғы кезең
Тіркеу: Күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 8 шілдесіне дейін
Тестілеу: Күнтізбелік жылдың 20 шілдесінен 10 тамызына дейін
Қысқы кезең
Тіркеу: Күнтізбелік жылдың 28 қазанынан 10 қарашасына дейін
Тестілеу: Күнтізбелік жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер келесі пәндер бойынша тест тапсырады:
1) шет тілі (таңдау бойынша: ағылшын, неміс, француз);
2) оқуға дайындық деңгейін анықтауға арналған тест;
3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест / шығармашылық емтихандар.
- Ғылыми-педагогикалық магистратураға ақылы негізде қабылдау 150 балдық бағалау шкаласына сәйкес Кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер кемінде 75 балл жинауы тиіс, оның ішінде:
• шет тілі бойынша — кемінде 25 балл;
• бірінші бейіндік пән бойынша — кемінде 7 балл;
• екінші бейіндік пән бойынша — кемінде 7 балл;
• оқуға дайындықты анықтауға арналған тест бойынша — кемінде 7 балл.
- Қазақстанда магистратураға түсуге арналған Кешенді тестілеу (КТ) Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) тарапынан арнайы емтихан өткізу пункттерінде (ЕӨП) өткізіледі. Бұл пункттерді талапкер тіркеу кезінде өз бетінше таңдайды.
- Тестілеуді тапсырғаннан кейін КТ нәтижелері көрсетілген сертификат беріледі.
Магистратураға түсуге арналған Кешенді тестілеу (КТ) туралы толық ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан алуға болады.
| № | БББ тобының № | БББ тобы | Білім беру бағдарламалары | Бейіндік пәндер |
|---|---|---|---|---|
| 1 | M094 | Ақпараттық технологиялар | Applied Data Analytics Computational Sciences Computer Science and Engineering Secure Software Engineering Media Technologies Applied Artificial Intelligence | Алгоритмдер және деректер құрылымдары; Дерекқорлар |
| 2 | M072 | Менеджмент | Project Management Digital Public Administration and Services Digital Business and AI Technologies | Менеджмент; Бизнес ұйымдастыру |
2-қадам. Құжаттарды онлайн тапсыру
Құжаттарды тапсыру үшін Astana IT University-ға өтініш білдірушілер My DU Mobile онлайн платформасында тіркелуі қажет.
- —Қосымшада тіркеліңіз
- —Барлық қажетті құжаттарды жүктеңіз
- —Қабылдау комиссиясының алдын ала мақұлдауын алыңыз
- —Күнін таңдаңыз және құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде университетке жеке жеткізіңіз

3-қадам. Құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсыру
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, C1/2. (Құжаттар жеке түрде немесе нотариалды сенімхат арқылы тапсырылуы тиіс).
2025-2026 оқу жылына арналған прейскурант
| № | Білім дәрежесі | Оқу ақысы |
|---|---|---|
| 1 | Магистратура | 2 750 000₸ |
Икемді төлем жүйесі
Сіз төлемді 3 траншқа бөле аласыз
Сіз төлемді 2 траншқа бөле аласыз