Astana IT University
Меню

Навигация

Деректерді қолданбалы талдау

Деректерді қолданбалы талдау

7M06103 Қолданбалы деректер аналитикасы (Applied Data Analytics)

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақстан Республикасының экономикасының әртүрлі секторларында деректерді өңдеумен байланысты ақпараттық технологиялар саласы мен пәнаралық бағыттар үшін үлкен көлемдегі деректерді талдау бағыты бойынша жоғары білікті ғылыми және қолданбалы мамандарды, бағдарламалық инженерлерді, сондай-ақ бағдарламалық-ақпараттық жүйелердің басшылары мен басқарушыларын даярлауды қамтамасыз ету.

Маманның лауазымдарының тізімі

  • Деректер талдаушысы
  • Data Scientist
  • Үлкен деректер талдаушысы
  • Үлкен деректер инженері
  • Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші
  • Ұйым басшысы
  • Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары
  • Құрылымдық бөлімше басшысы
  • Республикалық орталықтың сарапшысы
  • Ғылыми-практикалық орталықтың, ЖОО қызметкері

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу қызметі барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және зерттеулерде әдіснамалық әрі психологиялық тәсілдерді қолдану.
  • Кәсіби деңгейде сыни ойлау қабілетіне және академиялық тілді меңгеру дағдыларына ие болу, бұл ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік береді.
  • Деректерді талдау және аналитикалық өңдеу бойынша әртүрлі қолданбалы міндеттерді шешу үшін деректерді талдау әдістерін қолдану.
  • Команданы басқару және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мен деректерді талдау процесіне жетекшілік ету.
  • Әртүрлі салалардағы талдау бойынша кең ауқымды қолданбалы міндеттерді шешу үшін бағдарламалық жүйелерді жобалау және әзірлеу әдістерін қолдану.
  • Машиналық оқыту мен жасанды интеллект әдістерін тұжырымдау, түрлендіру және әзірлеу.
  • Деректер аналитикасы мен машиналық оқыту әдістерінің негізінде жатқан іргелі қағидаттарды түсіну және математикалық білімге ие болу.
  • Жобалық менеджмент, есептеу ғылымдары және ақпараттық қауіпсіздік сияқты сабақтас салаларда білімге ие болу.

Кәсіби қызмет саласы

«Applied Data Analytics» білім беру бағдарламасы түлектерінің әрі қарайғы кәсіби қызмет саласына жоғары оқу орындарында оқытушы, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер/зерттеуші, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы ақпараттық-есептеу жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде өндірісте деректер аналитигі ретінде жұмыс істеу жатады.

Негізгі қызмет деректерді талдауға арналған бағдарламалық құралдарды әзірлеуге маманданған компаниялар мен институттарда деректерді талдау модельдерін, әдістері мен алгоритмдерін құруды және басқаруды, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда, жобалық ұйымдарда, мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда деректерді талдау бөлімдерінде жұмыс істеуді көздейді.

Қызмет саласы тек ақпараттық технологиялар саласымен шектелмейді, сонымен қатар кең ауқымды бағдарламалық құралдар әзірленетін, енгізілетін және қолданылатын пәнаралық салалардағы деректер аналитикасы жобаларына қатысуды қамтиды. Басқаша айтқанда, «Қолданбалы деректер аналитикасы» білім беру бағдарламасының түлектері экономиканың және адам қызметінің барлық дерлік салаларында сұранысқа ие болады.
M094 – Ақпараттық технологиялар

Оқу бағдарламалары
«7M06103 Деректерді қолданбалы талдау» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі

Берілетін дәреже
2 жыл

Оқу мерзімі

Бағдарламаның құрылымы

Пәндер циклі
Пән компоненті
Пән коды
Пән атауы
Академиялық кредиттер
1

Құжаттар

Оқу пәндер

Базалық пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті

Базалық пәндер циклі

Таңдау компоненті

Бейіндеуші пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті

Бейіндеуші пәндер циклі

Таңдау компоненті

Байланыс

Қабылдау комиссиясы

8(7172) 64-57-10 info@astanait.edu.kz

Дс-Жм 9:00 — 18:00

Astana IT University