
Колледж
IT маманы болғысы келетіндерге арналған заманауи колледж
Басты бет
Конкурстар
WorldSkills қызметі
Студенттерге
Нормативтік құқықтық актілер
Колледж туралы

Ақпараттық технологиялар колледжі ерте кәсіби бағдар алуға, мамандық игеруге, жұмысқа орналасуға немесе үздіксіз білім беру жүйесі бойынша жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Колледжді аяқтағаннан кейін мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Осы диплом негізінде түлектер Astana IT University, Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде ұқсас мамандықтар бойынша білімін жалғастыра алады.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР








Білім беру бағдарламалары
Бағдарламалық қамтамасыз ету
06130100 - білім беру бағдарламасының коды
Біліктілік – 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы
Оқу мерзімі – 9 сынып базасында - 2 жыл 10 ай
Оқыту нысаны – күндізгі
Оқыту тілі – казақ, орыс
"Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы" біліктілігі бағдарламалық өнімдерді құруға, сынауға және қолдауға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқыту талаптарды талдау мен жобалаудан бастап іске асыруға, тестілеуге және рефакторингке дейінгі бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің барлық кезеңдерін зерттеуді қамтиды.
Оқыту нәтижесінде студент келесі құзыреттерге ие:

Түлек web, мобильді және цифрлық құрылғыларға арналған қолданбаларды жобалау, бағдарламалау, тестілеу, қолдау және оңтайландыруды қоса алғанда, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу дағдыларына ие бола отырып, командаларда да, өз бетінше де жұмыс істеуге дайын болады.
Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
06120100 - білім беру бағдарламасының коды
Біліктілік – 4S06120103 Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник
Оқу мерзімі – 9 сынып базасында - 2 жыл 10 ай
Оқыту нысаны – күндізгі
Оқыту тілі – қазақ, орыс
"Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі техник" біліктілігі олардың сенімділігін, қауіпсіздігін және оңтайлы өнімділігін қамтамасыз ете отырып, деректер базасын басқару, баптау және қолдау үшін мамандарды дайындайды. Оқыту бағдарламасы желілік және аппараттық құралдарды орнатудан бастап жүйені бақылау мен оңтайландыруға дейінгі мәліметтер базасын басқарудың барлық аспектілерін қамтиды.
Оқыту нәтижесінде студент келесі құзыреттерге ие болады:

Түлек деректер базасын орнату, конфигурациялау және басқару, олардың өнімділігін бақылау және қолдау, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен жүйелердің ақауларға төзімділігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға дайын болады.
Құжаттарды қабылдау
Құжаттарды тапсыру мерзімдері:
9-сынып базасында:
- грантқа — 22 тамызға дейін
- ақылы оқу — 27 тамызға дейін
11-сынып базасында:
- ақылы оқу — 27 тамызға дейін
Құжаттар тізімі
2) Қосымшасымен бірге аттестат;
3) 3×4 см өлшеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
5) Жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік.
Емтихандар тапсыру қажет емес.
Қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі, міндетті және профильдік пәндер бойынша аттестат бағаларына сүйене отырып.
9-сынып негізінде:
— Профильдік пәндер: Алгебра және Информатика.
11-сынып негізінде:
— Профильдік пәндер: Алгебра және талдаудың негіздері, Информатика.
Икемді төлем жүйесі
Ақылы негізде білім алушыларға жеңілдіктердің мынадай түрлері мен мөлшерлері қолжетімді
IT-вендорлар
Өз өнімдері бойынша оқыту мен сертификаттауды жүргізетін Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық компаниялар.

Astana it жобалары
Студенттік өмір

Astana IT University-де студенттік өзін-өзі басқару белсенді жұмыс істейді, ол студенттік өмірдің ажырамас элементі болып табылады және әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмыс істейді. Студенттік өзін - өзі басқару жүйесі-бұл білім алушылар қызметінің бастамашыл, дербес, қоғамдық нысаны. Astana IT University-де қызығушылық бойынша 40-тан астам студенттік клуб жұмыс істейді.

Мекенжай:
Астана, Мәнгілік Ел 55/11, Блок С1, Expo
Қабылдау комиссиясының телефоны:
+7 (7172) 64-56-96
Пошта:
college@astanait.edu.kz
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі–Жұма 9:00–18:00
(түскі үзіліс 13:00–14:00)
Instagram: @astana_it_college



