Astana IT University
Меню

Навигация

 Astana IT University

Astana IT University

Жаһандық IT-мансаптың тұсаукесер алаңы.
Ағылшын тілінде білім ал. Нақты жобаларды жүзеге асыр. Күшті кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айнал.

Sunday Open бағдарламасы

Жексенбі күндері университет есігін Астана тұрғындары мен қонақтарына ашатын жоба. Мұнда балалар мен ересектер жаңа дағдыларды меңгеріп, қызығушылықтарын анықтап, бірлескен оқу мен шығармашылық арқылы жаңа адамдармен таныса алады.

Біліктілікті арттыру курстары

7M04106 – «Жобаларды басқару» бағдарламасы Испаниядағы Валенсия политехникалық университетімен (UPV) бірлесіп жүзеге асырылады.

Бағдарлама мансабын дамытуға және күрделі жобаларды, бағдарламалар мен портфельдерді тиімді басқаруға ұмтылатын басшыларға, жоба менеджерлеріне және басқару тәжірибесі бар мамандарға арналған.

«Astana IT University» ЖШС Сайлау комиссиясы хабарлайды

«Astana IT University» ЖШС Сайлау комиссиясы хабарлайды. Ғылыми кеңесінің сайланатын мүшелері құрамына кандидаттарды ұсыну басталғаны туралы (ПОҚ, құрылымдық бөлімшелердің, білім алушылардың, жұмыс берушілердің өкілдері).

Бакалавриат
3 жыл бойы ағылшын тілінде қарқынды білім алу.
Бірінші курстан бастап практикалық жобалар мен нақты IT-кейстер.
Жаһандық нетворкинг: халықаралық серіктестер, сертификат академиялары және индустриялық сарапшылар.
Түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары көрсеткіші.
Магистратура
Тереңдетілген мамандану және зерттеу жұмысы.
Ғылым мен практиканы ұштастыру, индустриялық серіктестермен жобалар.
Цифрлық саладағы халықаралық ынтымақтастық және кәсіби байланыстар.
Сарапшылар мен басшылардың жаңа буынын даярлау.
Докторантура
Болашақ технологияларын зерттеу.
Іргелі және қолданбалы зерттеулер, жарияланымдар және академиялық ұтқырлық.
Жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграция. Зерттеушілер мен салалық көшбасшыларды даярлау.
Колледж
Цифрлық мамандыққа ерте қадам.
Практикалық дағдылар және заманауи құралдармен жұмыс.
Кәсіби орта мен мансаптық мүмкіндіктерге қолжетімділік.
Құрылған білім беру траекториясы бойынша оқуды жалғастыру.

Академиялық ұтқырлық

Технологиялар әлемі шексіз — сіздің білім әлеміңіз де шексіз. Astana IT University студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алуға, халықаралық академиялық қауымдастықтың бір бөлігі болуға және кәсіби нетворкингін кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР


20 қазан 2026

IEEE Kazakhstan Section сайлауының 2026 жылғы нәтижелері

IEEE Kazakhstan Section (R80021) басшылығына сайлау ресми түрде аяқталды. Сайлау қорытындысы бойынша Astana IT University өкілдері 2027–2028 жылдарға арналған секцияның басшылық лауазымдарына сайланды.
IEEE Kazakhstan Section төрағасы болып Дидар Еділхан, хатшысы болып Ақжібек Әмірова, ал қазынашысы болып Андрий Билощицкий сайланды.
Astana IT University өкілдерін сайлануымен құттықтаймыз және оларға жаңа қызметтерінде, IEEE миссиясын жүзеге асыруда, кәсіби қауымдастықты нығайтуда және Қазақстандағы технологиялық инновацияларды дамытуда табыс тілейміз.
Сайлауға қатысып, секцияның алдағы даму бағытын қалыптастыруға үлес қосқан IEEE Kazakhstan Section ұйымының барлық мүшесіне алғысымызды білдіреміз.
Университет кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанда озық технологияларды ілгерілетуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

16 қазан 2026

IEEE DG 2026: Astana IT University-де халықаралық студенттік ғылыми конференция өтеді!

2026 жылғы 21–23 қазан аралығында Astana IT University-де 2026 IEEE 3rd International Student Conference on Digital Generation (IEEE DG 2026) атты халықаралық студенттік ғылыми конференция өтеді. Конференция әртүрлі елдерден келген студенттерді, жас ғалымдар мен зерттеушілерді ғылыми идеялармен алмасу, зерттеу нәтижелерін таныстыру және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника мен инженерия салаларындағы заманауи жетістіктерді талқылау мақсатында біріктіреді. Конференцияның негізгі бағыттары:
- Computer Science
- Technology and Engineering Management
- Communications
- Computational Intelligence
- Robotics and Automation
- Signal Processing
IEEE DG 2026 конференциясы IEEE Kazakhstan Section, IEEE Ukraine Section, IEEE Kazakhstan Computational Intelligence & Robotics and Automation Joint Societies Chapter of AITU және Astana IT University IEEE Student Branch ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Конференция материалдарын IEEE Xplore цифрлық кітапханасында жариялау және Scopus дерекқорында индекстеу жоспарлануда. IEEE DG 2026 — жас ұрпақтың ғылыми идеялары мен болашақ технологиялары тоғысатын алаң!
2026 жылғы 21–23 қазан
Astana IT University, Астана, Қазақстан
sc.astanait.edu.kz

10 қазан 2026

Astana IT University халықаралық People&Projects Forum 2026 форумының бірлескен ұйымдастырушысы болды

2026 жылғы 9–10 қазанда Астанада жобалық басқаруды дамытуға арналған жыл сайынғы People&Projects Forum: Biomimetic & Management халықаралық форумы өтті. Іс-шара тәжірибе алмасу және жобаларды басқарудың заманауи тәсілдерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен академиялық қауымдастықтың өкілдерін біріктірді.

Форумды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana IT University және People&Projects консалтингтік агенттігі ұйымдастырды.

6 қазан, 2026

Astana IT University заң комплаенсіне құпия өтініш


Заңнама немесе университеттің ішкі қағидаларын бұзу, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, этикалық нормаларды бұзу, қысым көрсету немесе басқа да құқықтық және комплаенс мәселелері туралы құпия өтініш жіберуге болады.
Байланыс деректерін көрсету міндетті емес. Анонимді өтініштер тексеруге мүмкіндік беретін нақты ақпарат болған жағдайда қаралады.

30 қыркүйек 2026

Конго Республикасының делегациясы Astana IT University-ге келді


Конго Республикасының делегациясымен екіжақты кездесу өтті. Astana IT University-ге сапар делегацияның Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылды.
Делегацияны министр дәрежесіндегі Конго Республикасы Президентінің стратегиялық және халықаралық мәселелер жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жоли ханым басқарды.
Кездесуде Astana IT University мен Конго Республикасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде жоғары білім беруді қолдау, жасанды интеллект және IT саласындағы бағдарламаларды дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық жобаларға қатысу талқыланды.
Делегация мүшелері университет басшылығымен кездесіп, ғылыми-зерттеу орталықтарын аралады және университет инфрақұрылымымен танысты.

29 қыркүйек 2026

KazHackStan 2026 халықаралық конференциясы аясында елордада жасанды интеллектіні дамыту және енгізу жөніндегі консультативтік алаң Астана AI кеңесінің отырысы өтті.


Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың, технологиялық компаниялардың, жоғары оқу орындарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Негізгі бағыттар: AI шешімдерін ауқымды енгізу, қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, киберқауіпсіздік, деректермен жұмыс істеу және кадр даярлау.
Негізгі бағыттардың бірі AI Human Capital. Адам капиталын дамыту жөніндегі кіші топқа Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов жетекшілік етеді.
Astana IT University білім беру, кадр даярлау және жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту арқылы елорданың AI экожүйесін дамытуға өз үлесін қосуды жалғастыруда.

28 қыркүйек 2026

AI Governance 500: Қазақстанның цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау

2026 жылғы 25 қыркүйекте Astana IT University базасында AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасы аясында оқыту өтті. Бағдарламаға 90 саяси мемлекеттік қызметші қатысты.

28 қыркүйек 2026

Astana IT University-де Гарвард түлегі Шадияр Леспен кездесу өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Astana IT University-де «Мықты академиялық профильді қалай қалыптастыруға болады: Гарвард түлегінің тәжірибесі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның спикері Гарвард университетінің түлегі Шадияр Лес болды.
Кездесу барысында спикер Гарвардта білім алу тәжірибесімен бөлісіп, академиялық профильді дамыту, білім беру мүмкіндіктерін пайдалану және өршіл мақсаттарға қол жеткізу туралы әңгімеледі. Табандылықтың, өз күшіне деген сенімділіктің және үздіксіз өзін-өзі дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, әлемнің жетекші университеттерінде білім алуға дайындалу бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Astana IT University Шадияр Леске құнды тәжірибесі, ашық диалогі және студенттермен өткен шабыттандыратын кездесуі үшін алғыс білдіреді.

22
маусым 2026
дс
Тіркеу
MIT IDSS ұсынатын 12 апталық AI and Data Science: Leveraging Responsible AI, Data and Statistics for Practical Impact бағдарламасы, бұрын Data Science and Machine Learning: Making Data Driven Decisions деп аталған, деректерге негізделген дәуірде көшбасшылық етуге және нақты мәселелерге озық шешімдерді қолдануға қажетті құралдарды, әдістерді және тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Қатысушылар Deep Learning, Computer Vision, Recommendation Systems, Ethical and Responsible AI сияқты негізгі тақырыптарды зерттейді.

UlysMedia • January 26, 2026

UlysMedia

“Қазақстанда IT-маман қалай болуға болады: Astana IT University-де шын мәнінде нені оқытады”
Подробнее
UlysMedia

Daniyar Akhmetov • November 13, 2025

Finratings

“AI және ағза трансплантациясынан кейінгі қабылдамауға қарсы: Astana IT University студенті болашақ медицинасына қалай үлес қосуда”
Подробнее
Finratings

Venera Batalova • August 8, 2025

Казахстанская правда

“Astana IT University «Digital Public Administration» атты жаңа білім беру бағдарламасын іске қосады — бұл заманауи мемлекеттік басқару әдістерін біріктіретін бакалавриат бағдарламасы.”
Подробнее
Казахстанская правда
Astana IT University