Astana IT University мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық ұйым технологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады
2026 жылғы 18 қарашада Халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (ХАҚҰ) алаңында Astana IT University-дің CyberTech, Industry 4.0, AgroTech ғылыми-зерттеу орталықтары мен Ғылым және инновациялар департаменті өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын цифрландыру және тұрақты даму салаларында AITU технологиялық әзірлемелерін практикаға енгізу бойынша ынтымақтастықты дамыту.
Кездесу барысында университеттің жасанды интеллект, IoT, цифрлық ауыл шаруашылығы және киберқауіпсіздік салаларындағы шешімдері таныстырылды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, технологияларды сынақтан өткізу және енгізу, сондай-ақ халықаралық серіктестерді тарту перспективаларын талқылады.
Astana IT University халықаралық ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер мен бизнес өкілдерін технологиялық шешімдерді енгізу, бірлескен зерттеулер жүргізу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастыққа шақырады.
Ынтымақтастық мәселелері бойынша байланыс:
AITU Ғылым және инновациялар департаменті
Email: r.kokenov@astanait.edu.kz
Тел.: +7 701 777 24 71