Astana IT University
Мәзір

Astana IT University колледжінің студенті - Қазақстанның үздік 100 студенті атанып, Оқу-ағарту министрінен диплом алды!

«Astana IT University» ЖШС колледжінің БҚ2405 тобының студенті Серікбек Жасұлан Есенбекұлы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетті!
Биылғы байқауға еліміздің 400 колледжінен 5 мыңнан астам студент қатысты. 93 балл жинаған Жасұлан Қазақстанның үздік 100 студентінің тізімінде 4-орынға ие болды!
Сонымен қатар, ол марапаттау рәсімінде «Үздік авторлық жоба презентациясы» номинациясы бойынша марапатталып, өз жобасын ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың алдында таныстырды.
Бұл жетістік - Жасұланның табандылығы мен білімге деген ұмтылысының нәтижесі. Студентті байқауға дайындап, қолдау көрсеткен жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы Талдаубек Арайға алғыс білдіреміз!
Серікбек Жасұланды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!