«Astana IT University» ЖШС Сайлау комиссиясы хабарлайды. Ғылыми кеңесінің сайланатын мүшелері құрамына кандидаттарды ұсыну басталғаны туралы (ПОҚ, құрылымдық бөлімшелердің, білім алушылардың, жұмыс берушілердің өкілдері).
Ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 13-19 тамыз аралығы (қоса алғанда).
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, С1 блогы, С 1.1.262 кабинеті, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
Байланыс тұлғасы: Ерзатова Мөлдір Ерзатқызы.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, С1 блогы, С 1.1.262 кабинеті, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
Байланыс тұлғасы: Ерзатова Мөлдір Ерзатқызы.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
ПОҚ және ғылыми қызметкерлер үшін: ғылыми дәреже немесе атақ, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соңғы 3 жылда тәртіптік жазаның болмауы.
Білім алушылар үшін: үлгерім көрсеткіші (GPA) 3,5-тен төмен емес, оқудың барлық кезеңінде тәртіптік жазаның болмауы.
Жұмыс берушілер үшін: серіктес ұйымда басшылық лауазым, жоғары білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, Университетпен қолданыстағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы.
Ұсыну үшін Комиссияға мына құжаттарды тапсыру қажет:
кандидатты ұсыну туралы құрылымдық бөлімше басшысының ұсынымы;
• кандидаттың өтініші.