Astana IT University
Меню
Applied Artificial Intelligence

Applied Artificial Intelligence

7M06108 Applied Artificial Intelligence

Алгоритмдер мен деректер құрылымдары, сондай-ақ деректер базалары

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жасанды интеллекттің заманауи технологияларын, оның ішінде машиналық оқытуды, деректерді өңдеуді және зияткерлік жүйелерді әзірлеу мен енгізуді жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ медицина, қаржы, өнеркәсіп және технологиялар сияқты әртүрлі салалардағы күрделі міндеттерді шешуге қабілетті кәсіби кадрларды қалыптастыру. Білім алушылар жасанды интеллекттің қарқынды дамып келе жатқан саласындағы нақты сын-қатерлер мен инновацияларға бағдарланған теориялық негіздер мен практикалық әдістерді меңгереді.

Маманның лауазымдарының тізімі

  • Деректер ғылымы бойынша маман
  • Үлкен деректер талдаушысы
  • Табиғи тілді өңдеу маманы
  • Деректер талдаушысы
  • Жасанды интеллект бойынша кеңесші
  • Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары
  • Республикалық орталықтың сарапшысы
  • Жасанды интеллект әзірлеушісі
  • Терең оқыту инженері
  • Компьютерлік көру маманы
  • Жасанды интеллект жүйелерінің архитекторы
  • Деректерді интеллектуалдық талдау маманы
  • Құрылымдық бөлімше басшысы
  • Ұлттық, ғылыми-практикалық орталықтың немесе жоғары оқу орнының қызметкері

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеу барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау, зерттеу үдерісінде әдіснамалық және психологиялық тәсілдерді қолдану.
  • Сыни ойлау қабілетіне ие болу және академиялық тілді кәсіби деңгейде меңгеру, бұл жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жүргізуге және арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік береді.
  • Жасанды интеллект әдістерін әртүрлі қолданбалы міндеттерді шешу үшін қолдану.
  • асанды интеллект және машиналық оқыту әдістерін тұжырымдау, жетілдіру және дамыту.
  • Шетел тілін ғылыми зерттеу жүргізуге және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде меңгеру.
  • Нақты зерттеудің мақсаттарына сәйкес қажетті зерттеу тәсілдері мен әдістерін таңдау, қолданыстағыларын бейімдеу және жаңаларын әзірлеу.
  • Үлкен деректерді талдау әдістерін, соның ішінде оларды алдын ала өңдеу, визуализациялау және мәнді ақпаратты бөліп алуды қолдану.
  • Топты басқару және жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу үдерісіне жетекшілік ету.
  • Нейрондық желілер негізінде шешімдер әзірлеу, кескіндерді, мәтінді және басқа да деректерді өңдеуге арналған нейрондық желілерді жобалау және оқыту.
M094 – Ақпараттық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы
«7M06108 Қолданбалы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Берілетін дәреже
2 жыл

Оқу мерзімі

Құжаттар

Оқу пәндер

Базалық пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті

Бейіндеуші пәндер циклі

Жоғары оқу орны компоненті

Бейіндеуші пәндер циклі

Таңдау компоненті

Байланыс

Қабылдау комиссиясы

8(7172) 64-57-10 info@astanait.edu.kz

Дс-Жм 9:00 — 18:00