Astana IT University
Меню

Навигация

Шығармашылық емтихандар

Шығармашылық емтихандар

Astana IT University-ге түсу — айқын және жүйелі процесс. Төмендегі қадамдарды орындап, цифрлық индустриядағы жолыңызды бастаңыз.

Оқуға түсу талаптары

Мектеп және колледж түлектері, шығармашылық бағыттағы білім беру бағдарламаларына түсетіндер (Білім беру бағдарламасы: Digital Journalism).
Өткізу күндері:

20 маусым – 11 тамыз — шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер екі лек бойынша қабылданады:

– 20 маусым – 7 шілде — мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау;
– 20 маусым – 11 тамыз — ақылы негізде оқуға түсу үшін өтініштер қабылдау.

7 шілде – 14 тамыз — шығармашылық емтихандар Astana IT University-де (EXPO, C1 павильоны) офлайн форматта екі лек бойынша өткізіледі:

– 7–10 шілде — мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысатын талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар;
– 12–14 тамыз — ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар.

Шығармашылық емтиханға тіркелуге арналған онлайн-өтінім

Назар аударыңыз! Шығармашылық емтихандарды тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана тапсырады.

Енгізілген деректердің дұрыстығын тексеруіңізді сұраймыз, себебі олар қоңырау шалу және SMS-хабарламалар жіберу үшін пайдаланылады.

Осы нысанды толтыру арқылы Сіз дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.

Нысанды толтыру мерзімі – 2026 жылғы 20 маусымнан 7 шілде сағат 10:00-ге дейін.
Файл таңдалмаған

5 файлға дейін, әрқайсысы 10MB.

Файл таңдалмаған

5 файлға дейін, әрқайсысы 10MB.

Назар аударыңыз! Талапкерлер 1-ші шығармашылық емтихан басталғанға дейін қоса алғанда (2026 жылғы 7 шілде сағат 10:00-ге дейін) Университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды жеке өзі тапсыруы тиіс:

- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (аттестат/диплом – түпнұсқа);
- 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты.

Университетке түсу процессі

Бірінші шығармашылық емтихан

Берілген тақырыпқа шығарма — жеке пікірлерді, әсерлерді және ой-толғамдарды еркін прозалық формада және композицияда жазбаша баяндау.

Баяндау стилі әдеби немесе публицистикалық болуы мүмкін. Тілі мектеп бағдарламасының лексикалық, морфологиялық және синтаксистік нормаларына сай болуы тиіс. Шығармаға қойылатын негізгі талап — берілген тақырыпты толық ашу.

Шығармаға арналған үлгі тақырыптар:

● Әлемдегі және Қазақстандағы журналистиканың даму тарихы
● Журналистикадағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект
● Әлемдегі журналистиканы дамытудың үздік тәжірибелері және болашақ журналистика
● Журналистикадағы экологиялық тақырыптар
● Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның ұлттық бірегейлігі
● Журналистің кәсіби этикасы
● Қазақстан жастарының медиатұтыну трендтері
● Қазақстанның медиа нарығы
● Дәстүрлі журналистиканы цифрландыру
● Сыбайлас жемқорлық және академиялық адалдық
Әрбір талапкердің шығарма тақырыбы бірінші шығармашылық емтихан басталар алдында жеребе (рандомайзер) арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілген тақырыптар үлгі тақырыптар болып табылады және талапкерлерді шығармашылық тапсырманың тақырыптық ауқымымен таныстыру мақсатында ұсынылған.
Емтихан барысында әрбір талапкерге рандомайзер арқылы 10 жеке тақырыптың біреуі автоматты түрде беріледі. Емтихан тақырыптары үлгі тақырыптарға ұқсас болады, бірақ журналистика мен қоғамның қалыптасуы және дамуының жалпы үрдістеріне сәйкес нақтырақ әрі мазмұндырақ болады.

Бірінші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері:
- тақырыпты ашу қабілеті, мазмұндылығы және талдау деңгейі – 15 балл;
- құрылымы мен композициялық тұтастығы – 15 балл;
- тілдік сауаттылығы, баяндау стилі және көркемдігі – 20 балл.

Шығарманың жалпы көлемі – 400–500 сөз

Шығарманы жазу уақыты – 3 сағат

Талапкерлер бірінші шығармашылық емтиханды компьютерлік форматта тапсырады. Шығармалар плагиатқа және жасанды интеллект арқылы жасалған контенттің болуына тексеріледі.

Екінші шығармашылық емтихан

Екінші шығармашылық емтихан кәсіби жарамдылығын анықтауға арналған әңгімелесу түрінде ауызша өткізіледі.

Комиссия мүшелері талапкерге оның болашақ мамандығына, мектепте/колледжде оқу барысында алған жетістіктері мен тәжірибесіне қатысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар қояды. Сонымен қатар талапкердің сөйлеу дағдысы мен дикциясы бағаланады.

Әңгімелесу барысында талапкерлер өздерінің портфолиосын жеке таныстыруы тиіс. Портфолио құрамына (бар болған жағдайда): грамоталар, дипломдар, сертификаттар, бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын жарияланған мақалалар (скриншоттар/газет және журнал қиындылары/оларға сілтемелер), әлеуметтік желілердегі блогтар, бейнефильмдер, жарнамалық роликтер, қысқаметражды фильмдер және авторлық медиаконтенттің басқа да түрлері, сондай-ақ «B042 – Журналистика және репортерлық іс» білім беру бағдарламалары тобына түсу үшін кәсіби жарамдылығын растайтын өзге де құжаттар енгізілуі мүмкін.

Портфолионы ұсыну міндетті болып табылады. Электрондық және қағаз форматындағы сызбалық және графикалық материалдарды ұсынуға рұқсат етіледі. Презентациялар, бейнематериалдарға сілтемелер (YouTube, Google Drive), сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар емтихан басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын Bogdan.petrov@astanait.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Екінші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері:

- ұсынылған портфолионың сапасы (ұсынылған құжаттар мен жұмыстардың журналистика саласына сәйкестігі, бірегейлігі мен шығармашылығы, құрылымы мен мазмұндау логикасы, сапасы, визуализациясы және техникалық орындалуы) – 15 балл;
- талапкердің жалпы білімі мен хабардарлығы (елдің қоғамдық-саяси өмірі, мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары туралы білімі), медиа қызметі туралы түсінігі (медиа-порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі жалпы білімі) және болашақ мамандығы туралы хабардарлығы – 15 балл;
- ойын анық жеткізу қабілеті, сөйлеу тілінің байлығы және жалпы мәдениеті – 10 балл;
- көпшілік алдында сөйлеу дағдылары мен дикциясы – 10 балл.

Портфолионы таныстыруға 5 минут беріледі, одан кейін комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру үшін 10 минут қарастырылады.
Шығармашылық емтихан нәтижелерін ҰТО жүйесіне жіберу

Шығармашылық емтихан аяқталған күні Қабылдау комиссиясы талапкерлердің шығармашылық емтихан нәтижелерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін және (немесе) AITU-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін жібереді.
Astana IT University