Astana IT University
Меню

Навигация

Студенттік өмір

Студенттік өмір

Студенттік клубтар

Студенттік кезең — жастар өміріндегі жаңа әрі маңызды белес, сондықтан бұл уақытты жарқын, пайдалы әрі қызықты өткізу өте маңызды. Өз идеяларыңызды жүзеге асырып, оларды шындыққа айналдыруға, сондай-ақ зияткерлік және көшбасшылық қабілеттеріңізді дамытуға студенттік клубтар мүмкіндік береді.

Студенттер үйі

«Astana IT University» өз студенттеріне олардың дамуына, белсенді болуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына ықпал ететін тұру жағдайы мен орта ұсынады. Университеттің студенттер үйлерінде тұру — бұл жайлы жағдайлармен қатар, белсенді әрі мазмұнды студенттік өмірдің де бір бөлігі.

Психологиялық кеңес беру орталығы

Орталық AITU студенттеріне қиын жағдайларда тегін кеңес береді. Орталыққа отбасылық, оқу немесе жеке сипаттағы кез келген мәселемен жүгінуге болады: өзіне деген сенімсіздік, жалғыздық сезімі, жақындары мен сүйікті адамдарын жоғалтумен байланысты күйзелістер, оқуда немесе қарым-қатынастағы қиындықтар, өз өміріне қанағаттанбау және басқа да мәселелер.

Медициналық қызмет көрсету

Денсаулық жағдайы тұлғаның қалыптасуына және жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі әсер етеді. Медициналық кабинетте емдеу жұмыстары жүргізіледі: дәрігерге дейінгі көмек көрсету, шұғыл көмек көрсету, бастапқы диагностика және амбулаториялық ем жүргізу, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру және өткізу, санитарлық-ағарту жұмыстары жүзеге асырылады.

AITU-дағы спорт

Студенттердің дене тәрбиесі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. AITU-дағы студенттік өмірдің ажырамас бөлігі — спорт. Біз студенттердің белсенді өмір салтына ұмтылысын қолдай отырып, спортпен айналысуға және түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Нет новостей
Astana IT University