Astana IT University
Меню
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша департамент

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша департамент

«Astana IT University»-де әлеуметтік-мәдени орта қалыптастырылған, тұлғаның әлеуметтенуі мен жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ студенттердің адамгершілік, азаматтық және жалпы мәдени қасиеттерін нығайтуға ықпал ететін әлеуметтік-мәдени процестерді реттеу қамтамасыз етілген.

ТОО «Astana IT University»-дегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен үйлестірілуін Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті (Department of Social and Educational Work, DSEW) жүзеге асырады. DSEW қызметі білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен тұлғалық дамуына бағытталған университеттегі оңтайлы тәрбиелік ортаны қалыптастыруға негізделген. Сонымен қатар, DSEW оқу бойынша анықтамалар беру, білім беру бағдарламалары бойынша кеңес беру, грантқа ауыстыру, оқу ақысын төлеу және өзге де осы сипаттағы мәселелермен айналыспайды. Аталған мәселелер бойынша университеттің өзге құрылымдық бөлімшелеріне, атап айтқанда деканатқа, академиялық департаментке немесе студенттік бөлімге жүгіну қажет.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің айрықша құзыретіне мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру, сондай-ақ университеттің тұрғын үй-жайларында орындарды бөлу мәселелері жатады. Егер сіз белсенді азамат болсаңыз және біздің жоғары оқу орнының, сондай-ақ еліміздің тарихының бір бөлігі болуға ниет білдірсеңіз, бізге келіп, қызығушылықтарыңыз бойынша клубтарға мүше болыңыз. Қолданыстағы клубтар туралы толық ақпаратты университеттің ресми сайтынан және Instagram парақшасынан таба аласыз.

Департамент бағыттары

Тәрбие жұмысының блогы (тәрбие жұмысының даму векторларын айқындау, тәрбие жұмысын нормативті құқықтық және ғылыми қамтамасыз ету, тәрбие жұмысының практикалық технологиялары және т.с.с.) ;
Мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру жұмысының блогы (шараларды, жарыстарды өткізу, шығармашыл ұжымдарды дамыту және қолдау, университеттің акт залдарын және басқа да алаңдарын басқару);
Студенттік өзін-өзі басқару және жастар жобаларын қолдау органдарымен жұмыс блогы (Студенттік кеңестің қызметін сүйемелдеу, кеңес беру-құжаттық сүйемелдеу, жастар жобалары мен бағдарламаларын, студенттік бастамашыл жобаларды іске асыруды үйлестіру, атқарушы билік органдарымен және басқа жоғары оқу орындарымен сырттай өзара әрекеттесу, студенттік жастарды оқыту және т.с.с);
Студенттерді әлеуметтік қолдау жөніндегі блок (студенттерге әлеуметтік көмек көрсету және қолдау, дәрігерлік кабинеттермен дәрігерлік қызмет көрсету, СӨС қалыптастыру бойынша шаралар, тазалық-ағартушылық жұмыс бойынша студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары).

Тәрбие жұмысы

Студенттерге азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру;
Студенттерге құқықтық және кәсіби тәрбие беру;
Студенттерге мәдени-эстетикалық тәрбие беру;
Студенттердің денсаулықтарының мәдениетін қалыптастыру;
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Департамент құрылымы

Кенжебеков Арман Хуандыкович
Директор

Email: arman.kenzhebekov@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.323



Аренова Гүлнұр Төлегенқызы
Менеджер

Email: Gulnur.Arenova@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.323



Төлөш Даяна Қадірбекқызы
Менеджер
Кабинет:С1.1.323



Умбетова Диана Жанибекқызы
Менеджер

Email: D.Umbetova@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.323



Шəкім Іңкар Ерланқызы
Менеджер

Email: I.Shakim@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.323



Адебиетова Толқын Адебиетовна
Арт-менеджер

Email: T.Adebiyetova@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.323



Даулбекова Ұлпан Дулатбековна
Арт-менеджер

Email: Ulpan.Daulbekova@astanait.edu.kz
Кабинет:С1.1.163
Astana IT University