Astana IT University
Меню
Студенттер үйі

Студенттер үйі

Университеттің тұрғын үйлерінде тұру тек жайлы жағдайлармен ғана емес, сонымен қатар белсенді әрі мазмұнды студенттік өмірмен ерекшеленеді.

Студенттерді университеттің тұрғын үй-жайларына орналастыру тәртібі

Білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №219 бұйрығына сәйкес орындарды беру және студенттерді орналастыру онлайн режимінде ұйымдастырылады.

Артықшылықтары

Жабдықтау
Оқу бөлмелері, демалыс бөлмелері, асүйлер мен асхана, кір жуатын орын
3 тұрғын үй кешені
Қыздарға және ұлдарға бөлек
Бөлмелердің 3 түрі:
Екі орындық бөлме, үш орындық бөлме, төрт орындық бөлме
нету
Қалада тұрмайтын студенттерге екі, үш бөлмелі орындар беріледі: Әр бөлмеде төсек, жұмыс үстелі, шкафтар бар. Бөлмелердің көлемі түріне байланысты бөлінеді.
Тұратын студенттерге жабдықталған ас үй мен тамақ даярлайтын бөлме бар. Ас даярлау тоңазытқышы, тоқ плитасы, духовка пеші, қысқа толқынды пеш мен ас үй гарнитуры бар ас үйде даярлауға ғана рұқсат етілген.
Білім алушылардың жайлы тұруы үшін оқу бөлмелері, демалыс бөлмесі, автоматты кір жуу машинамен жабдықталған кір жуатын бөлме, кір кептіру және үтіктеу бөлмелері бар.
Сондай-ақ барлық тұрғын үй кешендерінде интернетке қосылатын wifi-жүйесі бар.
Жайлы әлеуметтік-тұрмыстың жағдайлар, бос уақытты тиімді өткізу, университеттің тұрғын үйлеріндегі тәртіп пен тазалық, студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эдвайзерлердің қолдауы – студенттердің университетте білім алу жағдайына тез әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің маңызды факторлары.
Жетім студенттерге, мүгедек студенттерге университеттің тұрғын үй-жайларында тегін тұру ұсынылады, бұл білім алушының бейімделуіндегі маңызды фактор болып табылады.

AITU жатақханасында орын алған студенттердің тізімі

AITU студенттерінің үйлеріндегі Бос орындар туралы ақпарат

(2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша)

№ 1 студенттер үйі (әйелдер блогы) Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 1 Бос орындар саны: 195
№ 2 Студенттер үйі (ерлер блогы) Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 6 Бос орындар саны: 286
№ 3 студенттер үйі (ерлер блогы) Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 13 Бос орындар саны: 271
№ 4 студенттер үйі (әйелдер / ерлер блогы) Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 8 Бос орындар саны: 64

Алдын ала танысу керек:

Барлық сұрақтар бойынша Call-center-ге хабарласа аласыз: 8 7172 645 709

нет
Astana IT University