
Astana IT University
Жаһандық IT-мансаптың тұсаукесер алаңы.
Ағылшын тілінде білім ал. Нақты жобаларды жүзеге асыр. Күшті кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айнал.

Ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлер үшін AITU Excellence Test (AET) емтиханына тіркелу 20 тамызға дейін ашық.
AITU Excellence Test (AET) – ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін міндетті ішкі қабылдау емтиханы. Емтиханға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Ақылы негізде оқуға түсетін талапкерлер үшін шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау ашық.
Digital Journalism білім беру бағдарламасына түсушілерден өтініштер 10 тамызға дейін қабылданады.
Astana IT University Ректорының «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша грантын беру конкурсы туралы

Astana IT University Ректорының грантын беру конкурсы «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына оқуға түсетін талапкерлер арасында өткізіледі.
Astana IT University ректорының «Digital Jurisprudence» білім беру бағдарламасы бойынша грантын тағайындау конкурсы

Ректор грантын тағайындау конкурсы Astana IT University-дің «Digital Jurisprudence» білім беру бағдарламасына оқуға түсетін талапкерлер арасында өткізіледі.

Бірінші курстан бастап практикалық жобалар мен нақты IT-кейстер.
Жаһандық нетворкинг: халықаралық серіктестер, сертификат академиялары және индустриялық сарапшылар.
Түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары көрсеткіші.

Ғылым мен практиканы ұштастыру, индустриялық серіктестермен жобалар.
Цифрлық саладағы халықаралық ынтымақтастық және кәсіби байланыстар.
Сарапшылар мен басшылардың жаңа буынын даярлау.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер, жарияланымдар және академиялық ұтқырлық.
Жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграция. Зерттеушілер мен салалық көшбасшыларды даярлау.

Практикалық дағдылар және заманауи құралдармен жұмыс.
Кәсіби орта мен мансаптық мүмкіндіктерге қолжетімділік.
Құрылған білім беру траекториясы бойынша оқуды жалғастыру.
Академиялық ұтқырлық

Технологиялар әлемі шексіз — сіздің білім әлеміңіз де шексіз. Astana IT University студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алуға, халықаралық академиялық қауымдастықтың бір бөлігі болуға және кәсіби нетворкингін кеңейтуге мүмкіндік береді.
ЖАҢАЛЫҚТАР

Astana IT University Пәкістан Ислам Республикасының Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігімен ынтымақтастықты нығайтуда
Astana IT University халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, Пәкістан Ислам Республикасының Федералдық білім және кәсіптік даярлау министрлігімен серіктестік қатынастарды дамытуда.
Ынтымақтастық аясында тараптар академиялық байланысты дамытуға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына қолдау көрсетуге, сондай-ақ цифрлық технологиялар, инновациялар және жоғары білікті мамандар даярлау салаларында тәжірибе алмасуға ниетті.
Серіктестікті дамыту Қазақстан мен Пәкістан арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып, бірлескен халықаралық бастамаларды жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Huawei, IEEE Kazakhstan Section және Astana IT University өкілдері Astana IT University базасында стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар арасындағы алғашқы диалог 8 мамырда GITEX форумынан кейін өтіп, онда өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды. Содан бері ынтымақтастық одан әрі дамыды: маусым айында Astana IT University Бағдарламалық инженерия мектебінің сеньор-лекторы Хаймульдин Н. Г. Шэньчжэнь қаласында өткен BRICS Future Network Innovation Forum форумына қатысып, Network Innovation and Development Alliance (NIDA) қоса алғанда, жетекші салалық ұйымдармен кездесулер өткізді.
29 шілдеде Enterprise Business Director for Central Asia Ли Цзин (Li Jing) және Чжан Циньюй (Zhang Qinyu) бастаған Huawei делегациясымен кезекті жұмыс кездесуі өтті. Тараптар Huawei компаниясының IEEE Kazakhstan Section және Astana IT University іс-шараларына қатысуын, IEEE және университет өкілдерін Huawei компаниясының Қазақстандағы технологиялық бастамаларына тартуды, сондай-ақ киберқауіпсіздік, Smart City технологиялары және сымсыз технологиялар саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеу бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.WLAN+X тұжырымдамасы аясындағы бірлескен бастамаларды — шығындарды азайтуға, тиімділікті арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және интеллектуалды әрі қорғалған инфрақұрылым құруға бағытталған зияткерлік кеңістіктерді қалыптастыруды талқылау ерекше қызығушылық тудырды.
IEEE Kazakhstan Section төрағасы, Astana IT University профессоры Едилхан Д. атап өтті:«Huawei, IEEE Kazakhstan Section және Astana IT University арасындағы серіктестік бірлескен зерттеулер жүргізуге, мамандар даярлауға, халықаралық стандарттауды дамытуға және озық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұндай ынтымақтастық барлық тараптар үшін өзара тиімді болып, Қазақстанның цифрлық экожүйесін дамытуға маңызды үлес қосатынына сенімдімін».

Astana IT University Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және UBTECH Robotics компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Astana IT University Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және UBTECH Robotics компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат мемлекет, халықаралық технологиялық серіктес және IT университеттің күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда жасанды интеллект пен робототехниканы дамытуға бағытталған.

Bank CenterCredit Astana IT University кітапханасына «Елең-Алаң» кітабының 70 данасын сыйға тартты
Astana IT University кітапхана қоры көрнекті қазақ жазушысы әрі мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Елең-Алаң» кітабының 70 данасымен толықты. Аталған басылымдарды университетке Bank CenterCredit сыйға тартты.
Кітаптарды Bank CenterCredit өкілдері, делегация жетекшісі Боранбай Ақжол Аманжолұлының бастауымен, университетке арнайы келіп, Ғылыми кітапхана қорына табыстады.

Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Astana IT University «В042 – Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2-ші шығармашылық емтиханның нәтижелері (11.07.2026)*

Astana IT University «В042 – Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 1-ші шығармашылық емтиханның нәтижелері (10.07.2026) – қосымша лек*

Astana IT University «В042 – Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2-ші шығармашылық емтиханның нәтижелері (10.07.2026)

Astana IT University «В042 – Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша 2-ші шығармашылық емтиханның нәтижелері (09.07.2026)

Astana AI Week 2026: Астанада жасанды интеллектке арналған ең ірі халықаралық апталық өз мәресіне жетті
7–9 шілде аралығында alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Astana AI Week 2026 өтті. Бұл – 400-ден астам ғалымды, әзірлеушіні, студентті, бизнес, мемлекеттік ұйымдар өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктірген Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі.
Аңдатпа
Барлық аңдатпалар


