Erasmus+ Alumni кездесуі
21 қазанда Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігі Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесімен бірлесіп, Astana IT University қолдауымен Erasmus+ бағдарламасы түлектерінің кездесуін ұйымдастырды. Іс-шара «Академиялық ұтқырлықтан нақты нәтижелерге дейін: жоғары білім берудегі инновациялар мен жасанды интеллект» ұранымен өтіп, Қазақстанның әр өңірінен келген бағдарлама түлектерін біріктірді. Қатысушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, кәсіби байланыстарын жаңғыртып, тәжірибе алмасты.
Кездесудің негізгі мақсаты Erasmus+ бағдарламасының түлектердің академиялық және кәсіби дамуына ықпалын, халықаралық академиялық ұтқырлық аясында меңгерген білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропаның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылау болды. Іс-шара түлектер қауымдастығы ішіндегі байланыстарды нығайтуға және жоғары білім беру саласындағы серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етті.
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич атап өтті:
«Erasmus+ — Еуропалық Одақ ерекше мақтан тұтатын бағдарламалардың бірі. Оның түлектері Еуропалық Одақ пен Қазақстанның жасанды интеллектіден бастап тұрақты даму, жасыл технологиялар және саяси ғылымдарға дейінгі түрлі салаларда тәжірибе алмасу, өзара білім алу және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін зор әлеуетке ие екенін айқын көрсетеді. Студенттік алмасулар мен университеттер арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде қалыптасқан байланыстар мен серіктестік желілер өзара дамуға, түсіністікті тереңдетуге және толерантты әрі өркендеген қоғамдар құруға ықпал етеді».
Тақырыптық сессия барысында қатысушылар жасанды интеллектінің жоғары білім беру жүйесіне ықпалын талқылады. ЖИ-ді оқыту мен білім алу үдерістерін жетілдіру, университеттерді басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолдану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты этикалық мәселелерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар жасанды интеллектінің еңбек нарығы мен экономикаға ықпалын қарастырды.
Astana IT University ректорының пікірі:
«Технологияларды дамытуға және цифрлық трансформацияға бағытталған университет үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Erasmus+ бағдарламасы халықаралық академиялық алмасуды жасанды интеллект, цифрлық дағдыларды дамыту және жоғары білімнің болашағы сияқты өзекті бағыттармен ұштастыруға мүмкіндік береді. Біз Erasmus+ түлектерінің кездесуін Astana IT University-де өткізуге және бағдарлама аясында жинақталған тәжірибе жаңа серіктестіктерге, бірлескен жобаларға және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі үшін нақты нәтижелерге негіз болатын алаң ұсынуға қуаныштымыз».
Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі үйлестірушісінің пікірі:
«Erasmus+ бағдарламасына қатысудың нәтижелері академиялық ұтқырлық кезеңінің немесе жобаның аяқталуымен шектелмейді. Бағдарлама түлектері мен жоба қатысушылары Қазақстанға жаңа біліммен, дағдылармен және халықаралық байланыстармен оралып, университеттердің, ғылымның, инновациялардың және жалпы қоғамның дамуына үлес қосады. Біздің мақсатымыз — осы байланыстарды нығайту және жаңа серіктестіктерді дамытуға, бағдарламаның болашақ қатысушыларына тәлімгер болуға әрі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге үлес қоса алатын белсенді түлектер қауымдастығын қалыптастыру. Бұл кездесу — Erasmus+ қатысушыларының жеке тәжірибесін маңызды ортақ нәтижелерге қол жеткізу жолында біріктірудегі маңызды қадам».
Кездесу Erasmus+ бағдарламасының Қазақстан мен Еуропа арасындағы байланыстарды нығайту және адамдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту құралы ретіндегі ұзақ мерзімді құндылығын тағы бір рет көрсетті. Түлектердің білім мен тәжірибені таратудағы, жасанды интеллектіні қолдану перспективаларын талқылаудағы және жоғары білім беру жүйесінің болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.