Astana IT University
Меню

Навигация

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумы

2026 жылғы 2 қазанда Астана қаласында «Astana IT University» қабырғасында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА/IAAR) 15 жылдығына арналған «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар дәуіріндегі сапаны арттыру: білім берудің жаңа көкжиектері» тақырыбында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі X Орталық Азия халықаралық форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан, Орталық Азия және Еуропа елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының басшылары, академиялық қоғамдастық өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысады.

Форумның пленарлық отырысының ашылуына қатысушылар қатарында:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек;
ҚР Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова;
Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) президенті – Даниэла Кристина Гитулика;
Astana IT University ректоры – Альтаир Ахметов;
АРТА/IAAR Бас директоры – Алина Жұмағұлова.

БАЙЛАНЫС:
www.iaar.agency
+7 (7172) 76 85 60
+7 777 122 62 26

Күні: 2 қазан 2026 жыл
Өтетін орны: Astana IT University, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/11
Тіркелу: 09:00
Форумның басталуы: 09:30
Кіру: тегін.

Astana IT University