Astana IT University
Меню

Навигация

AITU Teaching Excellence Awards 2026

Astana IT University AITU Teaching Excellence Awards 2026 байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды

Тіркелу

Байқауға қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелу қажет:

Байқау академиялық және оқу-әдістемелік қызметте жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген Astana IT University оқытушыларын тану, ынталандыру және қолдау мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты:
• Astana IT University-дегі білім беру үдерісінің сапасын арттыру;
• университеттің кадрлық әлеуетін дамыту;
• профессор-оқытушылар құрамының кәсіби өсуі мен академиялық белсенділігін ынталандыру;
• инновациялық білім беру технологиялары мен цифрлық шешімдерді енгізуді қолдау;
• университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі академиялық беделін нығайту.
Өтінім қабылдау мерзімі:

Өтінімдер мен конкурстық құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін

Кім қатыса алады

Байқауға Astana IT University-дің:

• толық штаттық негізде жұмыс істейтін;
• Университетте кемінде бір академиялық жыл еңбек өтілі бар;
• тәртіптік жазасы жоқ оқытушылары қатыса алады.

Байқау номинациялары


• Young Faculty Excellence Award
• Excellence in Teaching Practice Award
• Distinguished Professor Award
• Student Choice Award

Байқау ережелері

Байқаудың ережелерімен, талаптарымен және өткізу тәртібімен Байқауды өткізу туралы ережеде танысуға болады.

Қажетті құжаттар

Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтінім
2. Адам ресурстарын басқару департаментінің мөрімен расталған қатысушының жеке парағы
3. Үміткердің қызметін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне сәйкес растайтын құжаттармен бірге мәліметтер
4. Мектептің ұсынымы:
• үміткерді Байқауға ұсыну туралы Мектеп отырысыны протоколының үзіндісі;
• Мектеп директорының үміткерге берген мінездемесі;

5. Жеке куәлік көшірмесі.
Байқау қорытындысы

Байқау жеңімпаздары:
• жеңімпаз сертификаттарымен;
• естелік сыйлықтармен;
• АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫЛАРМЕН марапатталады.

Байқау нәтижелері Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара аясында жарияланып, Astana IT University-дің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Байланыс ақпараты

Educational and Methodological Department
Department of Academic Affairs
Astana IT University

saule.shunkeyeva@astanait.edu.kz
s.abisheva@astanait.edu.kz
Astana IT University