
Sunday Open: Learn. Create. Earn.

Күні: 19.04.2026 ж.
Басталу уақыты: 11:00
Өтетін орны: Astana IT University
Sunday Open-қа QR-кодты сканерлеу немесе төмендегі сілтеме арқылы өту арқылы тіркеліңіз.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Мұхаметқалиев Бақытияр Абаевичтің қонақ дәрісі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Мұхаметқалиев Бахтияр Абаевичтің қонақ дәрісі — цифрлық даму, инновациялар және саланың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік саясат туралы алғашқы дереккөзден біліңіз.
Өтетін орны: Open Space
Абитуриенттер мен ата-аналарға арналған “Welcome Day”

Абитуриенттер мен ата-аналарға арналған “Welcome Day” — университетпен, білім беру бағдарламаларымен және студенттік өмірмен танысып, барлық маңызды сұрақтарға жауап алыңыз.
Өтетін орны: Мәжіліс залы
«Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт: негізгі талаптар, қателіктер және ұсынымдар» — аумақтық басқарма өкілінен

Аумақтық басқарма өкілінің «Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт: негізгі талаптар, қателіктер және ұсынымдар» атты семинары — шарттың негізгі ережелерін талдап, жиі жіберілетін қателіктер туралы біліп, сарапшыдан практикалық ұсынымдар алыңыз.
Спикер: Мурзалина Венера Саматовна, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары
Өтетін орны: Dissertation Hall C1.2.340
«Мінез-құлықтық “nudge” интервенцияларының мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудағы рөлі»

Мінез-құлықтық «nudge» интервенцияларының мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудағы рөлі — азаматтардың таңдауына және мінез-құлқына олардың еркіндігін шектемей, жұмсақ әрі жанама түрде ықпал етуінде. Мінез-құлық экономикасының қағидаттарына негізделген мұндай құралдар адамдарға денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экология салаларында неғұрлым ұтымды шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Спикер: Куштарова Айжанат Алижановна, мемлекеттік саясатта мінез-құлықтық инсайттарды қолдану саласының сарапшысы, халықаралық ұйымдардың консультанты
Өтетін орны: Atameken Space
«Идеядан нәтижеге дейін: саясат сіздің күнделікті өміріңізді қалай қалыптастырады»

Семинар: «Идеядан нәтижеге дейін: саясат сіздің күнделікті өміріңізді қалай қалыптастырады» — саяси шешімдердің қоғам мен жеке өмірге қалай әсер ететінін талдап, идеядан нақты өзгерістерге дейінгі жолды бақылаңыз.
Спикер: Мерген Дюсенов, Цифрлық мемлекеттік басқару мектебінің ассистент профессоры.
Өтетін орны: Atameken Space
«Стендап көпшілік алдында сөйлеу формасы ретінде»

«Стендап көпшілік алдында сөйлеу формасы ретінде» атты мастер-класс — сахнада өзіңізді сенімді ұстауды, аудиториямен жұмыс істеуді және сөзіңізді жарқын әрі есте қаларлық шоуға айналдыруды үйреніңіз!
Спикерлер:
— Жамбыл Күлдеев (стендап-комик, жүргізуші)
— Асхат Ибитанов (стендап-комик, Standup Astana бас продюсері)
Өтетін орны: Art Studio
Қазақ тілі курсы

Шетелдік студенттерге арналған қазақ тілі курсы — Қазақстанның тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін қолжетімді әрі қызықты форматта меңгеріңіз!
Өтетін орны: C 1.1.328
Қазақ күресінен турнир

Қазақ күресінен турнир — дәстүрлі ұлттық спорт түрінде өз күшіңізді, төзімділігіңізді және жауынгерлік рухыңызды сынап көріңіз!
Өтетін орны: Спортзал
Melody quiz

Intellectum Games студенттік ұйымынан музыкалық квиз. Сізді әртүрлі жанрлар мен дәуірлердің әндері күтеді!
Өтетін орны: C1.1.334
“100 Questions to a Teachers”

“100 Questions to Teachers” — оқытушыларға оқу үдерісінен бастап өмірлік тәжірибеге дейін әртүрлі сұрақтар қоюға болатын интерактивті сессия. Ашық диалог, қызықты жауаптар және оқытушыларды жаңа қырынан тануға мүмкіндік!
Өтетін орны: Ғылыми кітапхана
Speaking Club in the Library

Кітапхана студенттерді Speaking Club-қа шақырады — ауызекі ағылшын тілін дамытуға арналған тұрақты кездесулер. Қатысушылар ауызша сөйлеу дағдыларын дамытып, өзекті тақырыптарды талқылап, жайлы ортада коммуникациялық қабілеттерін жетілдіре алады.
Өтетін орны: Ғылыми кітапхана
Smart talk & tea

Студенттік Smart Talk & Tea ғылыми клубының кездесуіне шақырамыз. Ашық диалог пен еркін пікірталас форматында қатысушылар өзекті және күнделікті мәселелерді ғылыми тұрғыдан талқылап, сыни ойлау мен дәлелдеу дағдыларын дамытады. Кездесуді ЖБП мектебінің оқытушы-әлеуметтанушысы Әсем Құсманова жүргізеді.
Уақыты: 12:00–13:00
Өтетін орны: Ғылыми кітапхана
Арт-терапия: қағазға және кенепке сурет салу

Балаларға арналған арт-терапия: қағазға және кенепке сурет салу — өнер арқылы балалар өз эмоцияларын білдіріп, қиялын дамытып, шығармашылық үдерістен ләззат ала алатын кеңістік.
12 жасқа дейінгі балаларға арналған
Өтетін орны: Атриум
3D модельдеу бойынша мастер-класс

Балаларға арналған 3D-басып шығару бойынша мастер-класс — заманауи технологиялармен танысып, алғашқы көлемді модельдеріңізді жасаңыз!
Өтетін орны: FabLab