Astana IT University
Меню

Навигация

17 мамырда Astana IT University-де Sunday Open өтеді: жаңа білім, таныстықтар және мүмкіндіктер күні

Бір жексенбіде қанша нәрсеге үлгеруге болады?

Мысалы, Welcome Day аясында профессорлармен және оқытушылармен бейресми жағдайда танысып, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубировамен кездесіп, жас мамандар үшін бүгінгі таңда қандай мүмкіндіктер мен бағдарламалар қолжетімді екенін тікелей өз аузынан білуге болады.

Инвестициялық шешімдердің қалай қабылданатынын және нақты бизнесте тәуекелдердің қалай басқарылатынын түсінуге болады — бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас менеджері Даир Нұрпейісов айтып берді.

Soft skills дағдыларыңызды жетілдіріп, HR-сарапшыдан мықты команданы қалай қалыптастыруға, қызметкерлерді қалай ынталандыруға және жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болатынын білуге мүмкіндік болды.

Халықаралық гранттарды жеңіп алудың қыр-сырын меңгеруге болады. Идеяларды табысты жобаға қалай айналдыру керектігін түсінуге болады. Неліктен кейбір стартаптар мүмкіндікке ие болады, ал басқаларына жол ашылмайды? Командалар қандай қателіктер жібереді және инвесторлардың назарын шын мәнінде не аударады?

Тренер Анара Садвақасовамен бірге көпшілік алдында сенімді сөйлеуді және дауыс мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды үйренуге болады. Тіпті «Хабар 24» телеарнасындағы “Neo Сеть” тележобасының қатысушысы атануға мүмкіндік болды.

Ал ғылымға қызығушылық танытатындар үшін профессор Ибрахим Шайеаның шеберлік сабағында жасанды интеллекттің бүгінде автономды технологиялар мен болашақтың мобильді желілерін қалай қалыптастырып жатқанын білуге мүмкіндік жасалды.

Немесе Smart City Center директоры, профессор Дидар Еділханмен бірге n8n платформасы негізінде өзіңіздің AI-агентіңізді құра аласыз. Ал балалар үшін алғашқы роботты жасауға немесе арт-терапия бойынша шығармашылық шеберлік сабағына қатысуға мүмкіндік ұсынылды.

Сонымен қатар Speaking Club аясында өзекті тақырыптарды талқылап, үстел теннисінен өткен турнирде жарыс рухын сезініп, Movie Night кешінде жағымды демалыс өткізуге болады.

Өйткені AITU-дегі Sunday Open — қарапайым жексенбіні жаңа таныстықтар, тың идеялар мен үлкен мүмкіндіктер алаңына айналдыратын ерекше күн. Келесі Sunday Open-ды жіберіп алмаңыз!
Төлөкбаева Дария Джексеновна
Жалпы білім беру пәндері мектебінің оқытушысы
Astana IT University