Студенттер үйі
Университеттің тұрғын үйлерінде тұру тек жайлы жағдайлармен ғана емес, сонымен қатар белсенді әрі мазмұнды студенттік өмірмен ерекшеленеді.
Жатақханаға орналасуға өтініш беру тек My DU қосымшасы арқылы 2026 жылғы 20–24 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулық 2026 жылғы тамызда қолжетімді болады.
Артықшылықтары

Жабдықтау:
Оқу бөлмелері, демалыс бөлмелері, асүйлер мен асхана, кір жуатын орын.
3 тұрғын үй кешені:
Қыздарға және ұлдарға бөлек.
Бөлмелердің 3 түрі:
Екі орындық бөлме, үш орындық бөлме, төрт орындық бөлме.
Қалада тұрмайтын студенттерге екі, үш бөлмелі орындар беріледі: Әр бөлмеде төсек, жұмыс үстелі, шкафтар бар. Бөлмелердің көлемі түріне байланысты бөлінеді.
Тұратын студенттерге жабдықталған ас үй мен тамақ даярлайтын бөлме бар. Ас даярлау тоңазытқышы, тоқ плитасы, духовка пеші, қысқа толқынды пеш мен ас үй гарнитуры бар ас үйде даярлауға ғана рұқсат етілген.
Білім алушылардың жайлы тұруы үшін оқу бөлмелері, демалыс бөлмесі, автоматты кір жуу машинамен жабдықталған кір жуатын бөлме, кір кептіру және үтіктеу бөлмелері бар.
Сондай-ақ барлық тұрғын үй кешендерінде интернетке қосылатын wifi-жүйесі бар.
Жайлы әлеуметтік-тұрмыстың жағдайлар, бос уақытты тиімді өткізу, университеттің тұрғын үйлеріндегі тәртіп пен тазалық, студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эдвайзерлердің қолдауы – студенттердің университетте білім алу жағдайына тез әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің маңызды факторлары.
Жетім студенттерге, мүгедек студенттерге университеттің тұрғын үй-жайларында тегін тұру ұсынылады, бұл білім алушының бейімделуіндегі маңызды фактор болып табылады.
Студенттерді университеттің тұрғын үй-жайларына орналастыру тәртібі
AITU Студенттер үйлеріндегі орындарды бөлу
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу Қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30.12. № 219 бұйрығымен бекітілген), конкурстық комиссия AITU Студенттер үйлеріндегі орындарды негіздер мен кезектілік тәртібін ескере отырып, мынадай басымдық ретімен бөледі:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының жастары қатарындағы азаматтар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

САНАТ ТҮРІ
• жетім балалар;
• ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасы жастары қатарындағы азаматтар;
• бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
• бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
• мүгедектігі бар балалар.

РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
• Баланың туу туралы куәлігі + анасы мен әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктері;
• Баланың туу туралы куәлігі +
• қорғаншылық туралы анықтама / қорғаншы куәлігі / сот шешімі / әкімдік қаулысы немесе өзге де тиісті құжат.
• Білім алушының мүгедектігі туралы анықтама, оның ішінде І немесе ІІ топтағы мүгедектік.

2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар болып табылатын тұлғалар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар, қандастар, сондай-ақ мемлекеттік ЖЖОКБҰ-да немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ЖЖОКБҰ-да, не мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖЖОКБҰ-да оқудың бірінші жылы кезеңінде мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары;
САНАТ ТҮРІ
• үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
• ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар болып табылатын тұлғалар;
• асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
• мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар;
• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер;
• ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар;
• қандастар;
• мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқудың бірінші жылы кезеңінде мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген тұлғалар.

• Білім алушының ІІІ топтағы мүгедектігін растайтын анықтама
• Баланың туу туралы куәлігі + ата-анасының мүгедектігі туралы анықтама (ата-анасының біреуі немесе екеуі)
• Баланың туу туралы куәлігі + асыраушысынан айырылу туралы анықтама немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалғаны туралы хабарлама
• Баланың туу туралы куәлігі + атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалғаны туралы анықтама
• Баланың туу туралы куәлігі + Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысушының немесе Ауған соғысына қатысушының анықтамасы/куәлігі
• АУЫЛДЫҚ КВОТА бойынша грант куәлігі (ауыл гранты)
• Қандас куәлігі
• Жеке куәлік + әскери билет

3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы аясында білім алушылар – бұл жоба AITU-де жүзеге асырылмайды.
4) «Алтын белгі» белгісінің иегері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ білім туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар оқу орнын үздік бітірген талапкерлер;
САНАТ ТҮРІ
• бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісінің иегері болып табылатын білім алушылар
• Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиаданың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификаты бар білім алушылар
• білім туралы растайтын құжаты бар, оқу орнын үздік бітірген талапкерлер

• «Алтын белгі» аттестаты
• Бекітілген тізбеге сәйкес Президенттік/республикалық/халықаралық олимпиаданың жүлдегерінің дипломы/сертификаты: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007355
• Үздік аттестат (11-сыныптан кейін)
• Үздік диплом (колледжден кейін)

5) Бірінші курсқа оқуға қабылданған, Бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған білім алушылар.
CATEGORY TYPE
• 2026 жылғы ҰБТ немесе 2026 жылғы КТ нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған білім алушылар
• 2026 жылғы ҰБТ немесе 2026 жылғы КТ нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған білім алушылар
РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
• ҰБТ сертификаты (талапкердің ҰБТ нәтижелері) немесе КТ сертификаты (талапкердің КТ нәтижелері) + талапкердің көпбалалы отбасынан (бар болған жағдайда) немесе толық емес отбасынан (бар болған жағдайда) екенін растайтын құжаттар

6) жоғары курс студенттері (2–3 курс) қатарынан оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар білім алушылар:
САНАТ ТҮРІ
• жоғары курс студенттері (2–3 курс), оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар білім алушылар
• жоғары курс студенттері (2–3 курс), оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар білім алушылар
РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
• Ресми транскрипт
• Ресми транскрипт
7) білім беру ұйымдарының өзге де білім алушылары, оның ішінде стипендиялық бағдарламадан тыс (ақылы негізде) оқуға түскен шетел азаматтары:
САНАТ ТҮРІ
• білім беру ұйымдарының өзге де білім алушылары, оның ішінде шетел азаматтары
• білім беру ұйымдарының өзге де білім алушылары, оның ішінде шетел азаматтары
РАСТАУШЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
• Шетел азаматының паспорты + тұруға ықтиярхат куәлігі + ресми транскрипт
• Шетел азаматының паспорты + тұруға ықтиярхат куәлігі + ресми транскрипт
AITU жатақханасында орын алған студенттердің тізімі
AITU студенттерінің үйлеріндегі Бос орындар туралы ақпарат
(2025 жылғы тамыздағы жағдай бойынша)
№ 1 студенттер үйі (әйелдер блогы)
Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 1
Бос орындар саны: 195
№ 2 Студенттер үйі (ерлер блогы)
Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 6
Бос орындар саны: 286
№ 3 студенттер үйі (ерлер блогы)
Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 13
Бос орындар саны: 271
№ 4 студенттер үйі (әйелдер / ерлер блогы)
Мекен - жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 60а / 8
Бос орындар саны: 64
Алдын ала танысу керек: