AITU-дағы спорт
Білім алушылардың пайдалануына толық жабдықталған Cyber Arena спорт кешені және әмбебап спорт залы ұсынылады. Университет қауымдастығының барлық мүшелері спорт қызметтерін тегін пайдалана алады.
Сапалы тайғанамайтын еден жабыны бар үлкен әрі жайлы спорт залы футбол, волейбол, баскетбол және теннис бойынша жаттығулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Спорт залында жеке жаттығулар да, топтық сабақтар да, сондай-ақ жарыстар мен турнирлер де өткізіледі.

Жаттығу залы
Жалпы дене дайындығы мен күштік жаттығулар үшін университет студенттеріне Cyber Arena тренажер залында жайлы жағдай жасалған. Зал заманауи TECHNOGYM жаттығу құрылғыларымен толық жабдықталған және заманауи кондиционерлеу жүйесімен қамтамасыз етілген. Тренажер залының кардио аймағында екі жүгіру жолы, бір эллиптикалық тренажер және екі велотренажер бар, ал еркін салмақтар аймағы гантельдердің толық қатарымен және олимпиадалық сыныптағы штангалармен жабдықталған.

Жұмыс уақыты:
Дс–Жм 10:00-ден 17:00-ге дейін
Сб–Жс 10:00-ден 13:00-ге дейін