Astana IT University
Меню
«Электрондық өнеркәсіп» құзырет орталығы

«Электрондық өнеркәсіп» құзырет орталығы

Жоба жетекшісі: Нефтисов А.В.

Қаржыландыру көзі: Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен ҚР ЦДИАӨМ «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясындағы «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы

Іске асыру мерзімі: 2022–2023 жж.

Қаржыландыру көлемі: 275 000 000 теңге

Жоба мақсаты

«Электрондық өнеркәсіп» орталығы базасында микропроцессорлық электрондық платаларды прототиптеу зертханасын құру, бұл электрондық өнеркәсіп саласында ғылыми-зерттеу (ҒЗЖ) және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Нәтижелер

«Электрондық өнеркәсіп» орталығы базасында микропроцессорлық электрондық платаларды прототиптеу зертханасы құрылды;
O-RAN базалық станциясына арналған отандық L1-High-PHY акселератор модулі әзірленді;
РСТ патентіне өтінім берілді;
«Электрондық өнеркәсіптің технологиялық даму жағдайы мен перспективаларын кешенді талдау және технологиялық саясатты өзгерту бойынша ұсыныстар» есебі дайындалды;
Кемінде 6 қатысушыдан тұратын консорциум құрылды;
Құзырет орталығы қызметін таныстыру мақсатында кемінде 10 өндірістік компания қатысқан семинар-тренинг өткізілді;
ҒЗЖ және ҒЗТКЖ қызметтерін көрсету бойынша келісімшарттар жасалып, біліктілікті арттыру курстары өткізілді.