«Білім берудің үздіксіздігі негізінде IT пәндері оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігін дамыту жүйесін құру»
Ғылыми жетекші: Мухатаев А.А.
Конкурс атауы: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бағдарламасы (2022–2024)
Қаржыландыру көлемі: 65 101 029,75 теңге

Жоба аннотациясы
IT пәндері оқытушыларының педагогикалық дайындығын жақсартуға бағытталған әдістемелік құзыреттілікті арттырудың қолданбалы жүйесін әзірлеу. Жүйе оқытудан бастап біліктілікті арттыруға дейін, даму болжамынан бастап курстан кейінгі тұрақты қолдауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.
Зерттеу нысаны: Жоғары білім беру жүйесі.

Жоба мақсаты
IT пәндері оқытушыларының кәсіби дамуын тиімді болжау және басқару арқылы олардың жалпы педагогикалық дайындығын жақсартуға мүмкіндік беретін әдістемелік құзыреттілікті арттыру жүйесін әзірлеу және енгізу.
Зерттеу әдістері – теориялық (терминологиялық және кластерлік талдау), әлеуметтік-педагогикалық (болжау және модельдеу), эмпирикалық (сауалнама, сұхбат, тестілеу, қызмет нәтижелерін талдау, сараптамалық бағалау, эксперимент), mixed methods of research (сандық және сапалық зерттеу әдістерін біріктіру), интерпретациялық.

Алынған нәтижелер және жаңалығы
1. IT пәндері оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігінің төмен деңгейінің себептері анықталды;
2. IT пәндері оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігін дамыту тұжырымдамасы әзірленді;
3. IT пәндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік құзыреттілікті дамытуға арналған болжау және үздіксіз қолдау жүйесі әзірленіп, енгізілді;
4. IT пәндері оқытушыларына курстық және курстан кейінгі қолдау көрсетуге арналған қолданбалы ақпараттық жүйе әзірленді;
5. «Педагог» кәсіби стандарты негізінде деңгейлік стандарттар әзірленіп, енгізілді;
6. IT пәндері оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігін дамытуға арналған біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылды.
Зерттеу нәтижелері 1 монография, Scopus базасында процентилі 35-тен жоғары 4 мақала, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің тізіміне енгізілген журналдарда 6 мақала, ҚР ғылыми журналдарында 2 мақала, Scopus базасында индекстелген халықаралық конференция материалдарында 1 баяндама түрінде жарияланды. Сонымен қатар авторлық құқық объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы 1 куәлік алынды.
Қолдану саласы:
Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ ақпараттандыру теориясы мен практикасы және инновациялық-ақпараттық ортаны қалыптастыру.