Astana IT University
Меню
Computer Science

Computer Science

8D06101 Computer Science

Білім беру бағдарламасы мақсаты

Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-педагогикалық іс-әрекеті, теориялық және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру, ғылыми мәселелерді анықтау және оларды шешу әдістерін тұжырымдау құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Маманның лауазымдарының тізімі

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші;
  • Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман;
  • Мобильді қосымшаларды әзірлеуші;
  • Қосымшаларды тестілеу жөніндегі маман;
  • Aқпараттық ресурстарды құру және басқару жөніндегі маман (контент-менеджер);
  • Деректер базасын сүйемелдеу жөніндегі инженер;
  • Деректер базасын әкімшілендіру жөніндегі маман (деректер базасының әкімшісі);
  • Деректер базасын басқару жүйесі жөніндегі маман;
  • Үлкен деректер маманы;
  • Дерекқор талдаушысы;
  • Графикалық жұмыс дизайнері;
  • Мультимедиялық дизайнер;
  • Компьютерлік ойын әзірлеушісі;
  • Мультимедиа әзірлеушісі;
  • Графикалық жүйе әкімшісі;
  • Операциялық жүйе әкімшісі;
  • Web-бетті әзірлеуші;
  • Қосымшалар әзірлеуші;
  • Веб-аналитика маманы;
  • BI – жүйе маманы;
  • Өнімді талдау маманы;

Оқыту нәтижелері

  • Ғылымдар тоғысында ғылыми зерттеуді іске асыруға тиісті тәсілді таңдау және (немесе) тұжырымдау;
  • Эмпирикалық немесе есептік деректерді өңдеу мен түсіндірудің оңтайлы әдістерін таңдау және пайдалану;
  • Белгісіздік жағдайында қолданбалы есептерді қою және шешу;
  • Жаңа, күрделі идеялар мен білімдерді қалыптастыру, оларды көпшілікке және ғалымдарға жазбаша жұмыстар мен риторика арқылы түсінікті түрде түсіндіру;
  • Ғылыми есептерді, ғылыми және техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу, рейтингтік басылымдарға мақалалар жазу;
  • Мақалаларды жазу және жариялау процесінде ғылыми жұмыс жетекшісімен, рецензентпен және журнал редакторымен өзара әрекеттесу;
  • Компьютерлік жүйелерді, олардың компоненттері мен алгоритмдерін сипаттау мен талдаудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру, алгоритмдердің, хаттамалар мен бағдарламалардың қасиеттерін дәлелдеу, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыра және іске асыра білу.
  • Ғылыми-эксперименттік іс-әрекеттің нәтижесінде білім алушы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеудің көлемі мен міндеттерін анықтауға, бағдарламалауға, кодтауға және есептеуге бағдарлануға; диссертация жазу және/немесе рейтингтік басылымдарда мақала жариялау процесінде ғылыми есептер, ғылыми және техникалық құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қабілетті болады
  • Ғылымдар тоғысында ғылыми-эксперименттік зерттеуді іске асыруға тиісті тәсілді синтездеуге және (немесе) таңдауға; деректерді өңдеу және түсіндіру әдістерін таңдауға және пайдалануға; тиісті модельдерге, алгоритмдер мен архитектураларға қатысты қолданбалы есептерді қоюға және шешуге қабілетті болады
  • Ғылымға жобалық тәсілді қолдануға қабілетті болады: ресурстарды бөлу және B еңбекті agile манифестіне сәйкес ұйымдастыру; тәуекелдерді талдау және икемді тәсіл қағидаттары негізінде мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау
  • Күрделі идеяларды түсіндіре алады, тұжырымдамалық диаграммалар құра алады және жүйелердің құрылымын, құбылыстары мен процестерін сипаттайды
  • Алгоритмдерді, есептеу модельдерін және компьютерлік бағдарламаларды ресімдей алады, олардың қасиеттерін талдай алады; нәтижелерді ұсыну үшін формальды модельді қолдана алады
  • Талдамалық міндеттердің әртүрлі сыныптарының қасиеттерін сыни тұрғыдан талдай алады және нәтижелерді валидациялау және түсіндіру аспектілерін ескере отырып, оларды шешу әдісін дәлелді түрде синтездей алады
D094 – Ақпараттық технологиялар

Білім беру бағдарламаларының тобы
8D06101 «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы

Берілетін дәреже
3 жыл

Оқу мерзімі

Құжаттар

Оқу пәндер

Базалық пәндер циклі

Жоғарғы оқу орны компоненті

Бейіндік пәндер циклі

Жоғарғы оқу орны компоненті

Бейіндік пәндер циклі

Таңдау компоненті

Байланыс

Қабылдау комиссиясы

8(7172) 64-57-10 info@astanait.edu.kz

Дс-Жм 9:00 — 18:00