Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University түлектері арасында #OneDayOfGraduate байқауын бастайды!

Astana IT University түлектері арасында #OneDayOfGraduate байқауын бастайды!

Бүгінде қайда жұмыс істеп жүрсің? Қандай жобалар жасап жатырсың? Astana IT University-ден кейінгі бір күнің қалай өтеді?

60 секундқа дейінгі креативті видео түсіріп, өз жолыңды көрсет, болашақ студенттерге шабыт бер және университетте алған білімнің жаңа белестерді бағындыруға қалай көмектесіп жатқанын айтып бер.

Не істеу керек?

60 секундқа дейінгі видео түсіру;
Видеоны Instagram желісінде жариялау;
#OneDayOfGraduate хэштегін қосу;
Astana IT University парақшасын белгілеу. 🎁 Ең креативті қатысушыны AITU фирмалық Merch Box сыйлығы күтеді!

Жұмыстар 2026 жылғы 25 маусымға дейін қабылданады.

Сенің күнің. Сенің тарихың. Сенің жетістігің.

Astana IT University түлектерінің бүгін кімге айналғанын көрсет!

Astana IT University