Astana IT University
Меню

Навигация

Astana IT University-де әскери кафедра студенттерінің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Бұл маңызды оқиға Қазақстан халқына адалдықты, Отанға деген жауапкершілікті, тәртіпті және елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғауға дайындықты білдіреді.

Рәсім университет аумағында өтті. Іс-шара барысында жеке құрам сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді, Мемлекеттік Гимн орындалды, әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар құттықтау сөздер айтылып, салтанатты шеру ұйымдастырылды, әскери колледж ұландары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы оркестрінің өнер көрсетуі өтті.

Astana IT University әскери кафедрасы елге қызмет ету жолында өз білімдері мен дағдыларын қолдана алатын білікті мамандарды даярлауды жалғастыруда.

Әскери ант қабылдаған студенттерді құттықтаймыз! Оларға рух беріктігін, жауапкершілік, сенімділік және алдағы жолында табыс тілейміз.
Astana IT University