Astana IT University
Меню
AITU әскери кафедрасы
Әскери кафедра
AITU әскери кафедрасы

AITU әскери кафедрасы

Әскери есепке алу мамандықтары (MRS)

1) Әскери журналистика – студенттер әскери жағдайда бейнеконтент жасауды, сценарий жазуды, сұхбат жүргізуді және өңдеуді үйренеді.

2) Киберқауіпсіздік – ақпараттық жүйені қорғау бойынша мамандарды дайындау (Қазақстандағы IT университеттері үшін дәстүрлі мамандық).

3) Ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) операторлары – ұшқышсыз ұшақтарды басқару және пайдалану бойынша оқыту.

Таңдау шарттары мен процесі

  • Құжаттарды қабылдау: 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап өтінімдер eGov.kz арқылы онлайн беріледі.
  • Талаптар: 24 жасқа дейінгі, денсаулығына сай студенттер.

Іріктеу кезеңдері:

  • Есіл облыстық әскери комиссиясында медициналық куәландыру (Астана қ., Иманбаев көшесі, 16).
  • Кәсіби және психологиялық тестілеу.
  • Дене дайындығын тексеру: жүгіру (100 м және 3000 м) және тартылу.
  • GPA (орташа балл) негізінде конкурстық іріктеу.
Конкурсқа қатысуға келесі студенттер жіберіледі:
  • AITU
  • AIU
  • KNUS (APEMS)
  • Coventry University
  • KazNUI
Қабылдау бекітілген қабылдау жоспары шегінде конкурстық негізде жүзеге асырылады. Astana IT University (AITU) әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлауды жүзеге асырады.
Құжаттар
  • Өтініш (кафедрада беріледі)
  • Жеке куәлік (түпнұсқа + көшірме)
  • 3×4 өлшеміндегі 4 фотосурет
  • Соттылығының бар/жоқ екендігі туралы анықтама
  • Нақты оқып жатқанын растайтын анықтама (факультет/мамандығы көрсетілген)
  • Скоросшиватель + 2 мөлдір файл
  • Басқа қаладан келгендер үшін: Астана қаласында әскери есепке тұру + растайтын құжат

Студентке жадынама

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу
2025–2026 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе

Студенттерді іріктеу бойынша Конкурс

Кезең 1

Сәйкестігіңізді тексеріңіз

бакалавриат студенті болуыңыз керек
конкурс өткізілетін жылы жасыңыз 24-тен аспауы тиіс
өтініш беруге рұқсат етілген курста оқуыңыз керек
денсаулық жағдайыңыз талаптарға сәйкес болуы тиіс
дене дайындығы нормативтерін тапсыруға дайын болуыңыз керек
Мерзімі: Өтініштер комиссия жұмысы басталғанға дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын қабылданады.

Кезең 2

Әскери кафедраға өтініш беру

Қажет:

• өтінішті толтыру
• қажетті құжаттарды дайындау

Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
3×4 өлшеміндегі 4 дана фотосурет.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі №95 «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес нысан бойынша соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12055 болып тіркелген).
ЖОО-да нақты оқып жатқанын растайтын анықтама, факультеті мен мамандығы көрсетілуі тиіс (оқу орнынан талап етілетін анықтама).
Жеке істі рәсімдеу үшін скоросшиватель (картон папка) және екі мөлдір файл.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, С1 павильоны,
«Astana IT University» ЖШС, 3-блок,
3-қабат, 350-кабинет, тел.: 64-57-30
Құжаттарды қабылдау уақыты: сейсенбі–жұма күндері 9:00–16:30, сенбі күні 9:00–16:00.
Түскі үзіліс: 12:30–14:30.

Кезең 3

Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту.

Анализ тапсыру

Өзімен бірге жеке куәлігі, амбулаторлық картасы болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген барлық талдауларды тапсыру кезінде студент әскери кафедра берген медициналық куәландыру картасын ұсынады.

Медициналық комиссиядан өту

Медициналық комиссия Республика, 54 мекен-жайы бойынша ҚІД-нің жиналу пунктінде ұйымдастырылады
Кандидаттар медициналық комиссияларға медициналық куәландыру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.
Медициналық куәландырудан өткен студенттер әскери кафедраға әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысымен медициналық картаны тапсырады.
Әскери-дәрігерлік комиссияның нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі шығарылады: 1) "әскери даярлыққа жарамды"; 2) "әскери даярлыққа жарамсыз".
Денсаулық жағдайы бойынша "жарамсыз" деп танылған немесе әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынбаған студенттер конкурстың I кезеңінен өтпеген болып есептеледі.
Қосымша медициналық тексеруге жіберілген студенттер медициналық куәландырудан өткеннен кейін әскери кафедраға медициналық куәландыру картасын ұсынады.

Кезең 4

Кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеуді іріктеу комиссиясы ЖОО-ның компьютерлік сыныптарында өткізеді және ол уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыни және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.
Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған студенттер конкурстың екінші кезеңінен өтпеген болып саналады. Кәсіби-психологиялық іріктеуден және дене шынықтыру дайындығынан өту нәтижелері ведомосте ескеріледі, оған Комиссия мүшелері қол қояды.

Кезең 5

Дене дайындығын тексеру

Студенттердің дене дайындығы 3-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш норматив тапсыру сомасы бойынша 9 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.
Кәсіби-психологиялық іріктеуден өту және дене даярлығын тексеру нәтижелерінің деректері комиссия мүшелері қол қоятын ведомостерге енгізіледі.
Киім нысаны-спорттық (ауысымды спорттық аяқ киіммен)
Дене шынықтыру дайындығы бойынша тестілеуге рұқсаттама қатаң түрде жеке куәлік бойынша беріледі.

Кезең 6

Рейтингтік баллдың есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Материалдық-техникалық базасының негізгі элементтері

Әскери дайындықты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін әскери кафедра әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлаудың ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті құралдармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, атап айтқанда:
жалпыәскери жарғылардың талаптарына сәйкес ішкі тәртіпті ұйымдастыру және сақтау мүмкіндігі бар, құрылыс нормалары мен ережелеріне, өрт және күзет қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сабақ өткізу үшін қажетті қару-жарақ, әскери және өзге де техникалардың үлгілерін орналастыруға жарамды және коммуникация желілерін жүргізу мүмкіндігі бар оқшауланған аудиториялық қор;
кітапхана қорымен қамтамасыз етілген арнайы кітапхана, интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютерлермен жабдықталған оқу залдары;
қару сақтау бөлмесі;
басқа алаңдармен біріктірілмеген саптық алаң;
жалпыәскери және әскери-есептік мамандықтар бойынша арнайы бағдарламаларды орындауға арналған арнайы оқу-жаттығу кешендері, ату тирлері, электрондық ату тирі, мультимедиялық жабдықтар, саптық алаң және өзге де нысандар;
оқу шеберханалары, әскери техника, қару-жарақ, құралдар, әскери-оқу және өзге мүлікті сақтау қоймалары;
әскери кафедра ғимараттары мен құрылыстарын күтіп ұстау және жөндеу;
әскери даярлық пен оқу жиыны (кәсіби практика) үшін қажетті оқу сағаттарының көлемі;
арнайы әдебиеттер (әскери-оқу, тақырыптық), әскери пәндер бойынша заманауи цифрлық оқыту бағдарламалары (тактикалық, атыс, техникалық даярлық).
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту:

• Киберқауіпсіздік
• Геоақпараттық жүйелер
• Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
• Психологиялық жұмысты ұйымдастыру
• Топогеодезиялық қамтамасыз ету бөлімшелері мен бөліктерін қолдану
• Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің жұмыс істеуін ақпараттық қамтамасыз ету
• Құрлық әскерлерінде байланыс ұйымдастыру
• Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру
• Топографиялық жұмыстар
• Арнайы насихат ұйымдастыру
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту:

• Штабтық
• Электрондық есептеу машиналары
• Орташа қуатты қысқа толқынды радиостанциялар
• Төмен қуатты қысқа толқынды радиостанциялар
• Радиоқабылдағыштарды қабылдау
• Орташа және төмен қуатты бір жолақты радиостанциялар
• Орташа және төмен қуатты радиостанциялар (радио кедергілер станциялары)
• Сандық радиорелелік станциялар

Бөлімнің негізгі функциялары

Кафедраның оқу пәндерін кешенді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады: оқулықтарды, оқу құралдарын дайындау, оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу бойынша оқу-әдістемелік материалдарды, сондай-ақ оқытудың тиімді нысандары мен әдістерін қолдануды қарастыратын басқа да құралдарды әзірлеу, әдістемелік тәсілдерді тиімді үйлестіру, қазіргі заманғы оқу техникасы мен зертханалық жабдықтарды тиімді пайдалану;
ПОҚ-ның даярлықтары және біліктіліктерін арттыруды жүзеге асырады;
Әскери даярлықтан өту үшін студенттерді іріктеуді ұйымдастырады;
Басқа жоғары оқу орындарының әскери кафедраларымен шығармашылық байланыс орнатады; үздік оқытушылардың жұмыс тәжірибесін зерделейді, жинақтайды және таратады;
ЖОО ұжымының жұмысына, студенттерді еңбекке және адамгершілікке тәрбиелеуге кешенді тәсіл негізінде мамандарды тәрбиелеуді жетілдіруге белсенді қатысады. Студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға оқу процесінің бағытталуын қамтамасыз етеді;
Басқа оқу орындарымен байланысты кеңейту және нығайту жұмыстарын жүргізеді;
Білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологияларын әзірлеу мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
Профессор-оқытушылар құрамы мен кафедра қызметкерлерінің ғылыми-техникалық қоғамдардың жұмысына, семинарларға, кәсіпорындар мен басқа да оқу орындарында ұжым алдында сөз сөйлеуіне қатысуы арқылы ғылыми білімді насихаттайды.;
Кафедра бейіні бойынша маңызды теориялық, қолданбалы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер, жоғары мектептің әскери педагогика мәселелері бойынша мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерімен тығыз байланыста ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Әскери кафедра меңгерушісі өзі басқаратын кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысына толық жауап береді.

Структура кафедры

Аширов Александр Каримұлы
Әскери кафедраның бастығы

Email: a.ashirov@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.335



Хамитов Ришад Садықұлы
Әскери кафедра бастығының орынбасары

Email: Rishad.Khamitov@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.351



Пересыпкин Алексей Васильевич
Әскери кафедра бастығының орынбасары

Email: Alexei.Peresipkin@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.351



Ахметова Гүлзат Мұратқызы
Оқу зертханасының меңгерушісі

Email: G.Akhmetova@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.350



Гурулев Валерий Леонидович
Әскери кафедраның аға инженері

Email: gurulev.waleriy@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.333
Ерімбет Жасұлан Батырханұлы
Әскери кафедраның инженері

Email: Zh.Yerimbet@astanait.edu.kz



Каиржанова Айнаш Кенжекұлқызы
Жоғары біліктілік деңгейіндегі маман

Email: ainash.kairzhanova@astanait.edu.kz



Шамешова Ақнұр Оңдасынқызы
Әскери кафедра нұсқаушысы

Email: a.shameshova@astanait.edu.kz
Кабинет: С1.3.350
Astana IT University