Astana IT University
Меню

Навигация

.

Astana IT University әскери кафедрасының студенттері әскери ант қабылдады

Astana IT University-де запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасын аяқтаған Әскери кафедра студенттерінің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті.

Әскери ант қабылдау – әскери даярлықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының халқына адалдықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары азаматтық жауапкершілікті және әскери борышты орындауға дайындықты білдіреді.

Салтанатты іс-шара университет аумағында өтіп, жеке құрамның сапқа тұруын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімін, Мемлекеттік Әнұранның орындалуын, әскери ант қабылдау рәсімін, құрметті қонақтардың құттықтау сөздерін, салтанатты шеруді, сондай-ақ әскери колледж курсанттарының көрсетілімдерін қамтыды.

Astana IT University Әскери кафедрасы кәсіби құзыреттері жоғары, тәртіпті, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан және мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін білікті запастағы мамандарды даярлау жұмысын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Студенттерді осы маңызды оқиғамен құттықтап, оларға алдағы өмір жолында толағай табыс, мықты жігер, жаңа жетістіктер және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы абыройлы қызмет тілейміз.
Astana IT University