Astana IT University Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және UBTECH Robotics компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Astana IT University Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және UBTECH Robotics компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат мемлекет, халықаралық технологиялық серіктес және IT университеттің күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстанда жасанды интеллект пен робототехниканы дамытуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар ғылыми зерттеулерді, инновацияларды дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Astana IT University базасында Embodied AI (денеленген жасанды интеллект) бағыты бойынша Ұлттық бірлескен зертхананы құру болады.
Сондай-ақ ынтымақтастық білім беру, мемлекеттік сектор және өнеркәсіп салаларында гуманоид роботтарды қолданатын пилоттық жобаларды іске асыруды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамытуды, жоғары білікті кадрларды даярлауды және заманауи білім беру экожүйесін қалыптастыруды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, Қазақстанның жасанды интеллект пен робототехника саласындағы өңірлік орталық ретіндегі ұстанымын нығайтуды көздейді.
Меморандумды іске асыру аясында Astana IT University бірлескен зертхананы орналастыру үшін инфрақұрылым ұсынады, бірлескен ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелер жүргізеді, жасанды интеллект пен робототехника саласында білім беру бағдарламаларын әзірлеп, мамандар даярлайды, сондай-ақ студенттердің практикалық даярлығын, зерттеу жобаларын және академиялық іс-шараларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар университет UBTECH Robotics компаниясының озық технологияларын білім беру үдерісі мен ғылыми қызметке енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасанды интеллект пен робототехника саласындағы ғылыми-білім беру экожүйесінің дамуына ықпал етеді.