Astana IT University
Меню

Навигация

.

Astana IT University-де академиялық жұмыс жөніндегі проректор Гүлвира Советбекқызы Ақибаеваның университеттің студенттік активімен кездесуі өтті

2026 жылдың 19 мамырында университетімізде Академиялық істер жөніндегі проректор Гүлвира Советбекқызы Ақыбаева мен университет студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуге Білім беру бағдарламалары мектептерінің директорлары және Академиялық қызмет департаменті, Тіркеуші кеңсесі, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Техникалық қамтамасыз ету және сүйемелдеу департаменті және Мансап және жұмыспен қамту орталығы сияқты негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Гүлвира Советбекқызы емтихан кезеңіндегі академиялық адалдыққа назар аударып, әрбір студенттің академиялық стандарттарды сақтау жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. «Оқытушылар студенттер көзімен» сауалнамасының нәтижелері және білім беру процесінің сапасын жақсартудың тиімді құралы ретінде кері байланыстың маңыздылығы да талқыланды.

Студенттер оқыту процесін ұйымдастыру, жатақханадағы тұру жағдайлары, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, MyDU жүйесі және студенттік өмірдің басқа да аспектілері бойынша сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріліп, түсіндірілді.

Кездесуді қорытындылай келе, Гүлвира Советбекқызы Astana IT University студенттермен ашық диалог және серіктестік қағидаттарын ұстанатынын, олардың пікірлерін, бастамаларын және ұсыныстарын оқыту процесі мен университет қызметін одан әрі жетілдірудің маңызды негізі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Astana IT University