Astana IT University
Меню
.

Astana IT University Armeta компаниясымен және венчурлік инвестор Марк Волчекпен кездесу өткізді

Astana IT University-де Armeta компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар инновацияларды дамыту, жасанды интеллект, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесуге Las Olas Venture Capital (АҚШ) венчурлік қорының негізін қалаушы серіктесі, белгілі америкалық кәсіпкер, венчурлік инвестор және Yale University түлегі Марк Волчек қатысты. Марк Волчек – стартаптан бастап Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) IPO өткізген және нарықтық капитализациясы 1,2 миллиард АҚШ долларынан асқан жария компанияға айналған Higher One технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы. Қазіргі уақытта ол жасанды интеллект пен жоғары технологиялар саласындағы ерте кезеңдегі технологиялық компанияларға инвестиция салуға маманданған Las Olas Venture Capital венчурлік қорын басқарады.

Кездесу барысында Astana IT University мен Armeta өкілдері бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, университеттік стартаптарға инвестиция тарту, сондай-ақ қазақстандық инновациялық жобаларды жаһандық венчурлік экожүйеге интеграциялау мүмкіндіктерін талқылады.
Astana IT University